Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зүл-хиджа айындағы 6 құлшылық
22 қыркүйек, 2015 жыл 468 Басып шығару нұсқасы

Зүл-хиджа қасиетті төрт айдың бірі. Оның алғашқы он күні өте маңызды. Бұл ай Алланың бізге берген нығметі. Әрі жақсы істер мен құлшылықтардың көбірек жасалуы тиіс уақыты. Әр мұсылманға осы айдағы мүмкіндікті жіберіп алмау маңызды.


Зүл-хиджа айында Алла Тағалаға жақындата түсетін 6 құлшылықты атасақ:


1. Ораза ұстау


Арафа күні – бұл зүл-хиджа айының тоғызыншы күні. Бұл күні ораза ұстау аса құпталатын іс. Алла елшісі: «Осы күні ораза тұтқанның өткен және кейінгі жылғы күнәлары кешіріледі»-деген.


2. Тәкбір


Тәкбір — бұл «Аллаһу акбар» сөзі аудармасында «Алла ұлық» мағынасын білдіреді. Тәкбір, тахмид, тәһлил, тәсбих сүннет болып табылады. Адам тәкбір айтқанда Алланың ұлықтығын сезінеді, мойындайды. Алланы еске алу Оған жақындата түседі.


3. Қажылық пен умра


Осы айда бес парыздың бірі - қажылық өтеледі. Қажылық ең жақсы істердің қатарынан саналады. Алла елшісінен «Ең жақсы істер қандай?»-деп сұрағанда, Алла елшісі: «Аллаға және Оның елшісіне сенім келтіру»-деген. «Содан кейін қандай іс?»-деп сұрағанда, ол: «Алла жолындағы жиһад»-деген. «Содан кейін қандай іс?»-деп сұрағанда ол: «Мінсіз қажылық»-деген екен.


4. Көбірек жақсылық жасау


Алла Тағала жақсы, қайырлы істерді жақсы көреді. Мұсылман адам әрдайым жақсылыққа бейіл болуы, қолынан келген жердің бәрінде жақсылық жасап жүруі қажет. Ал зүл-хиджа сияқты қасиетті айларда жақсы, қайырлы істерді тіпті де арттырған абзал. Қажылыққа баруға мүмкіндігі болмаған адам, құлшылығын көбейтеді. Намаз, Құран оқу, ата-ананы күту, туған-туысқа көмектесу, кісінің қажетін ашу, садақа беру, мұқтаждарға қолдау көрсету – бұның бәрі жақсы әрі қайырлы істер қатарынан.


5. Құрбан шалу


Құрбан шалу Исламдағы орны бөлек рәсім. Құрбан шалу арқылы адамдар Алланың бірлігі мен хақтығын тағы бір мәрте растайды.


6. Шынайы тәубеге келу


Әрдайым маңызды болған істің бірі – тәубеге келу. Тәубе дегеніміз – өзінің бар күнәсін мойындау және соған шынайы түрде өкініп, кешірім сұрау. Адам тәубесіне келу арқылы Аллаға жақындайды, өзінің Оның алдындағы дәрменсіздігін, Оған зәрулігін мойындайды, жақсы жаққа бет бұрады.


Ендеше осы құлшылықтардың қолымыздан келгенін мейілінше артығырақ орындайық.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары