Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көз тию
12 қазан, 2015 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

Көз тиетіні туралы Алла елшісінің мынадай хадисі бар: «Көз тию – бұл шындық. Бұл кезде шайтан мен адамның қызғанышы болады».


Егер адам біреуді қызғанса, оған шайтан қатысады, яғни адам біреу туралы қызғанышпен айтса шайтан араласып, соңында әлгі адам жапа шегеді.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Көз тию – бұл шындық. Егер тағдырдан озар дүние болса, бұл - көз тию»-деген. Көз тию де Алланың қалауымен болады.


Тағы бір хадисте: «Егер араларыңда біреу өзінен, туысқандары мен жақындарынан, өз мүлкінен, киімінен ұнайтын бірдеңені көрсе, бірден Алладан қайырын сұрап, дұға қылсын. Себебі шынында көз тию бар»-делінген. Егер әлдекім сізге таңқалса, қызғанышпен қараса, жек көрсе дұға оқыңыз: «Бисмилләhи ‘алә нафси уа мали уа аhли». Мағынасы: «Алланың атымен, мен үшін, менің туысқандарым мен жақындарым үшін қорған болсын».


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары