Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Атақты адамдардың Ислам туралы айтқандары
12 қазан, 2015 жыл 46 Басып шығару нұсқасы

Л. Н. Толстой:


"Христиандық идеал мен христиандық ілімді жоғары қойған маған мұны айту қанша қызық болса да, менің Магометанттықтың (Ислам) - өзінің сыртқы формалары бойынша шіркеулік православиеден сөзсіз жоғары тұрғанына күмәнім жоқ. Егер адамға екі таңдау: шіркеулік православиені немесе Магометанттықты ұстану таңдауы тұрса әр ақылды адам үшін таңдауда еш күмән болуы мүмкін емес және әркім бір Алла мен Оның Пайғамбарын мойындап Магометанттықты таңдайды... Егер сіздер менімен бір сенімде болсаңыздар қуанар едім. Сіздер менің өміріме үңіліңіздер. Өмірдің жетістіктері: байлық, құрмет, атақ — мұның бәрі менде жоқ. Менің достарым менен теріс айналуда. Либералдар мен эстеттер мені есі ауысқан немесе Гоголь сияқты ақылынан алжасқан дейді; революционерлер мен радикалдар мені дәруіш, мылжың санайды; үкіметтегі адамдар мені қаскүнем революционер деп есептейді; православтар мені шайтан дейді. Мұның бәрі маған ауыр екенін мойындаймын... Сондықтан да маған қайырымды магометан (мұсылман) деп қараңыздаршы, сонда бәрі жақсы болады ".


Швед королі Густав III:

"Ислам негізі өте қарапайым — бұл формула: Алладан басқа


құлшылық етуге лайықты Тәңір жоқ және Мұхаммедке осы


шындық түсірілген. Және бұл Кітаптан (Құраннан) қазіргі кезеңнің


ғылымына қайшы келетін ештеңе таппайсыз. Бұл дінді ұстану


қажет ".


Джордж Бернард Шоу:

"Егер Мұхаммед сияқты адамға осы әлемді жеке-дара билеу

жазылса ол оның мәселелерін шешіп үлгерер еді. Және бұл өз

кезегінде әлемге тыныштық пен бақыт әкелер еді".

П. Я.Чаадаев:

"Ислам — Заңның ең керемет құбылыстарының бірі. Мұхаммед

— өз ойлары арқылы бір адамның жүрегіне нық сенім ұялата

алмаған, табиғаттың бөлшектенген элементтерін біріктірудің

орнына, адам баласының арасына жік салған пайдасы жоқ

ақылдылар тобырына қарағанда зор құрметке лайық".

Отто фон Бисмарк:

"О, Мұхаммед! Сенің замандасың болмағаным өкінішті. Адамзат сенің ғаламат күшіңді бір-ақ рет көрді, енді ешқашан көре алмайды. Мен саған тәнтімін ".

Ричард Белл:

"Еуропа үлкен зауалдың алдында тұр. Күйзеліс, санасыздық, өз-

өзіне қол жұмсау, психикалық аурулар, бұзылғандық, есірткі мен

алкоголь тұтыну, қарақшылық, зорлық, венерологиялық аурулар

артуда. Өзара сүйіспеншілік пен сенім жоғалған. Бәрі ажалдан

қорқады. Отбасы тұтастығы мен оның мүшелерінің арасындағы

байланыс бұзылған. Мемлекеттердің басшылары бұл жағдайдан

шығатын жол таба алмауда. Зиялы қауым рухани аштыққа амал

жасай алмауда. Еуропаның алдында бір ғана таңдау тұр.

Құтқаратын жалғыз жол. Бұл жол — Ислам. Басқа таңдау жоқ".

Гете:

"Бір Аллаға сену — үнемі рухты көтереді, себебі адамның ішкі

критерийлеріне қызмет етеді".

"Алланың тоқсан тоғыз қасиетін көрсететін есімдерін мадақтау

үшін тәспі тарту — бұл керемет мадақтау ғибадаты. Құлшылық

етуші таңқалады, тәнті болады, Оның қалауына бойұсынады және

тынышталады... "

"... Сонымен, біз Исламда қалуымыз керек (яғни Алланың

қалауына толығымен бағыну)... Бұған басқа алып-қосар ештеңе

жоқ".

Кассиус Клей (Мұхаммед Әли):

"Барлық мұсылман осы күндері орын алған орасан апатқа қарсы

болғандықтан да осындамын. Адамдар Ислам туралы нағыз

шындықты білуі керек. Егер Ислам – шынында да одан жасағысы

келетін дүниеге ұқсайтын болса, мен мұнда Исламды мадақтап

келмес едім".

Әмина Омарова

Қарағанды облыстық орталық мешіті

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары