Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тамақтанудың тәртібін білесіз бе?
19 қазан, 2015 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Адал табыс табу тек қана адал жеу үшін. Өйткені тағамның бүкіл денені ғибадаттар үшін керекті күш қуатты қамтамасыз етіп адал рызық жинау ілімді ғибадат және құлшылық ілімнен бұрын келеді.


Ибни Сәйри (р.а) хазреттеріне бір кісі келіп:


–маған ғибадат және құлшылық амалын үйрет, – деді.


Хазрет сұрады:




  • Қалай ас ішесің?


Ол кісі:




  • Қарным тойғанға дейін жеймін, –деп жауап берген кезде.

  • Сен бар, бірінші ас ішудің ілімін үйрен! Содан соң кел, саған ғибадат және құлшылық ілімін үйретейін.


Ас ішудің көптеген тәртіптері :




  1. Арпаның нанын жеу керек. Өйткені арпа нанында берекет бар. Расулаллаһтың(с.ғ.с) жеген наны.

  2. Бидай және арпа ұнын елемеу. Расында хайырлы замандардан соң исламның ішіне арыз болған бидъат екеу.


Біріншісі тойғанша жеу. Екіншісі ұнды елеу, – деп бұйырған. Келіп кеткен салихтердің үйінде елеуіш қолданылмаған.


3.Ет және сорпаны ылғи жей бермеу керек, арада бір тәрк ету керек.


Хазреті Али (р.а) хазреттері:




  • Бір кісі қырық күн ет жеуді тәрк етсе, мінезі өзгереді. Қырық күн ылғи ет жеуді жалғастыра берсе, жүрегіне қаталдық келеді.


Нәтижеде бірқалыптылыққа мән беру керек. Ет адамның көзіне және құлағына қуат береді, пайдалылардың әміршісі. Ет адамның мінезін және жүзін сәндейді.


Расулаллаһ (с.ғ.с):




  • «Дүние және ақирет тағамдарының әміршісі ет»,- деген.



  1. Дастарханға желінетін көк шөптерден қою керек. Пайғамарымыз (с.ғ.с) бір хадис-шәрифтерде былай бұйырды:

  2. – «Дастарханыңызды жасыл шөптермен сәндеңіздер. Өйткені бисмиллаһпен басталса шайтандарды қуады ».

  3. Тамақты үлкен табақпен жеу керек.

  4. Тамақтың әзірленген жеріне барып «тамақты әкеліңдер!» деп әмір етпеу керек.

  5. Тамақтанғанда намазда отырған сияқты белді бүгіп, ашық көңілділікпен жеу керек.


8.Көп ашықпай тұрып тамақ жемеу керек. Көп тоймастан, жегісі келіп тұрса да тамақтан қолын тарту керек. Осылай тамақтанғандар тәуіпке мұқтаж болмайды деген.




  1. Қаншалықты рұқсат етілген болса да қарынды толтырып жемеу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадис-шәрифінде:


– Қиямет күнінде адамдардың ең аш болғандары дүниеде болғанда көп тоқ жүргендер», -дейді.


10.Оң қолмен тамақатану керек. Алла елшісі (с.ғ.с) басқа бір хадис-шәрифтерде:


– «Сізден біріңіз тамақ жеген кезде оң қолымен жеп, оң қолымен ішсін, оң қолымен алсын, оң қолымен берсін. Өйткені шайтан бұлардың барлығын сол қолмен істейді».




  1. Тамақтың басында бисмиллаһ-и шәрифті зікір ету керек. Бисмиллаһ-и әу уәллуху уә ахирәху деп айту керек.

  2. Тамақтан соң Ұлы Аллаға хамд және шүкір ету керек. Бір кісі тамақтан соң: Алхамду лилаһил әтәмәни хаза уә разақани мин ғайри хаулин уәла қууатин! деп айтса, Ұлы Алла ол кісінің өткен күнәларын кешіреді, - деген.


«Уағызшылардың інжу-маржаны» кітабынан

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары