Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бос уақыт құлшылыққа жұмсалуы керек
20 қазан, 2015 жыл 249 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман адам өзінің уақытын бос өткізбей, мүмкіндігінше құлшылыққа ден қойғаны дұрыс. Әр күнінің құлшылықсыз, жақсы істерсіз өтпеуін қадағалап, әркез жақсы істер жасауға көңіл бөлгені абзал. Осы мақсатта пайдаланылған уақыт ол үшін қайырлы, пайдалы болмақ. Мұсылманның жасы – оның капиталы. Сондықтан да оны пайдалы іске жұмсау қажет. Себебі адам өткен уақытын кері қайтарып ала алмайды.


Әр күнді жақсы іс жасаумен өткізу деген күн сайын мұқтаждарға ақшалай садақа беру деген сөз емес. Алла елшісі: «Адамның әр жақсы ісі – садақа»-деген. Жақсы іс дегеніміз кімге болсын қолыңыздан келетін көмекті жасай жүру, жақсылыққа жақын болу. Мысал үшін досыңызға намаз уақыты кіргенін есіне салу, жерде құлап жатқан дүниені көтере салу, үлкендерге жол беру сияқты қарапайым, ойлануды қажет етпейтін, қаражатты, күш-қайратты талап етпейтін істер. Сондай-ақ қосымша құлшылықтарды ерекше атап өтуіміз керек. Құлшылық адам жүрегін нұрға бөлейді. Құлшылықты тұрақты түрде орындаған кезде адамның рухани дәрежесі өсіп, иманы күшейеді. Тұрақты түрде құлшылық жасау дегеніміз «таң атқаннан күн батқанша намазда тұр немесе мешіттен шықпа»-деген сөз емес. Әр адам өзінің бос уақыты мен күш-жігеріне, мүмкіндігіне қарай қолынан келетін істі таңдайды. Бұл арада біз парыз болған бес уақыт намаздан тыс, қосымша құлшылықтарды айтып отырмыз. Алла елшісі: “Алла Тағала жақсы көретін істер – бұл тақуа адамның ғұмыр бойында тұрақты жасайтын істері»-деген. Мысал үшін келесідей қосымша құлшылықтарды айтуға болады:


1. Нәпіл намаздар оқу


2. Құранның белгілі бір сүрелерін оқу


3. Діни білімді арттыру


4. Зікір ету


5. Үнемі жақсы іс жасау туралы ойда жүру


Бұл істер қаражат салуды, сағаттап отыруды талап етпейді. Мысал үшін екі рәкәт нәпіл намаз оқу үшін 10 минут, зікір етуге 5 минут жеткілікті. Есесіне сауабы сансыз. Күнәларыңыз кешіріледі, я сый аласыз, Алланың алдында дәрежеңіз өседі. Мысал үшін сауабы мол Фатиха сүресіне тоқталайық: адам “Әл-хамду лилләhи раббил `аләмин” деп айтқан кезде Алла Тағалаға шүкір етіп, мадақ айтып, өзін күнәдан қорғайды. “Әр-рахмани-р- рахим” деп айту арқылы осы өмірде барлық адамға Алла ғана мейірім ететінін еске алады. “Мәлики йауми д-дин” деп айту арқылы Қиямет күнінің иесі Алла Тағала екенін түсінеді. “Иййака на`буду” деп айтқанда Алладан басқа құлшылық қылуға лайық Тәңір жоқтығын мойындайды. “Уа иййака наста`ин” сөзі Алладан басқа ешкім жәрдем ете алмайтынын білдіреді. “Иhдина с-сирата-л- мустақим” сөздері арқылы адам Алладан өзін тура жолдан тайдырмауын сұрайды. “Сирата-л-ләзина ан `амта `аләйhим” деп айту арқылы Алладан өзін тақуа мұсылмандардың қатарынан қылуды сұрайды. “Ғайри-л-мағдуби `аләйhим уа лә д-даллин” сөздері арқылы адам өзін адасудан қорғауды сұрайды.


Адам қосымша құлшылықтарында да шынайы болуы тиіс. Асығыстықпен, сауап алып қалармын деген оймен жасалған құлшылықтардың, пайдасын көрермін деген жақсылықтардың қабыл болу-болмауы екіталай.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары