Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қағба – жердің ортасы
22 қазан, 2015 жыл 30 Басып шығару нұсқасы

Көптің көкейінде «Құлшылық қылғанда неге Қағбаға бет бұру керек? Алла Тағала неге Мекке маңайын өзге жерлерден ерекшеледі?»-дейтін сұрақтар жоқ емес.  Белгілі зерттеуші Залюл Наджара  бұл орайда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Мекке судағы жердің шағын бөлігі болды және бар құрлық сол жерден тарады»-дейтін хадисіне сілтеме жасаған.


Каир университетінің профессоры Хусейн Камалуддин осыны зерттей келе, вулкан нәтижесінде су үстінде, яғни қазір Қағба орналасқан жерде алғаш құрлық пайда болғанын ғылыми тұрғыдан анықтайды. Бұған дейін бар планетада су болған. Оған қоса Қағба мен Меккенің бар құрлықтың ортасы екені дәлелденді.  Бұл ресми мәлімдеме 1977 жылдың қарашасында жасалды. Ғалымдар қазіргі Арабия түбегі орналасқан жерде ежелде Гондван суперконтиненті болғанын,  кейін оның жеті континентке бөлінгенін анықтады. Бұл суперконтинент  палеозой эрасында қалыптасып, мезозой эрасының алғашқы кезеңінде де бастапқы түрін сақтаған. Бірақ шамамен 180 млн жыл бұрын мезозой эрасының екінші бөлігінде ғаламдық тектоникалық процестердің нәтижесінде Гондван материгі континенттерге бөлініп, бүгінгі біз білетін формаларға түскен.


Сондай-ақ Хусейн Камалуддин  Меккеде, атап айтқанда Қағба орналасқан жерде Жердің магниттік орталығы орналасқанын жазады. Ол Жердің магниттік полюстері ауысқанымен, Қағбадағы магниттік орталықтың бұрынғы қалпында қалатындығын анықтағаннан кейін осындай тоқтамға келген.  Ол бұны Жердің кез-келген бөлігінен Қағбаға баратын бағытты есептеу кезінде анықтаған.


 Сонымен қатар, Камалуддин Жердің шынайы магниттік меридианы Гринвич (Англия) бойынша емес, Мекке бойынша өтетінін анықтайды. Гринвич меридианының магинттік полюстер ауысқан кезде ауысатыны белгілі болған. Ал Қағба бойынша өтетін меридиан Жердің магниттік ортасы Қағба арқылы өтетіндіктен орнында қалады екен.


Ғылым адам ағзасында да магниттік меридиандардың болатынын айтады. Олар Жердің магниттік желілерімен сәйкес келеді немесе қиып өтеді, адам ағзасына жағымды я жағымсыз ықпал жасайды.


Сондай-ақ ғалымдар қажыға барушылардың тәуәп еткен кезде Қағбаны сағат тіліне қарсы айналатыны қажыға барғандардың ғаламдық қозғалысқа қосылуының бір белгісі екенін тілге тиек етеді.  Себебі барлық галактика осы бағытта қозғалады.


Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Қағбаның қақ төбесінде Бәйтул Мағмур бар, ал оның үстінде Аршы мен жеті көк, Қағба астында жеті қат жер бар»-деген.


          Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрі он сегіз мың ғаламның жұмбақтары. Бір анық білетініміз – мұның бәрінің асқан даналықпен, шексіз құдыретпен жаратылғандығы.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары