Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бір жұмада он жұма намазының сауабын алғыңыз келе ме?
26 сәуір, 2016 жыл 824 Басып шығару нұсқасы

Күндердің сұлтаны болған жұма күні бір жұма намазының емес он жұма намазының сауабын қалай алуға болатынын білгіңіз келе ме?

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім мұсылмандарды тура жолға шақырса, соларға жазылған сауап өзіне де жазылады және өзінің сауабы кемітілмейді»,-деген.

Осыған сәйкес, егер сіз өзіңіздің тоғыз досыңызды немесе тоғыз мұсылман бауырыңызды жұма намазына алып келсеңіз, өзіңізбен бірге келген сол тоғыз адамның жұмаға келген сауабы сізге де жазылады. Мұндай сауап санын жұмаға алып келген адам санымен арттыра беруге болады. Әлбетте, қанша адам алып келсеңіз, сонша адамның сауабы жазылары сөзсіз.

Алла Тағаланың кешірімі мен мейірімінің кеңдігі сонша осы дүниеде өмір сүріп жүріп, ақыретте қажет сауапқа кенелесіз.  Хадисте «Кімде-кім адамдарды жақсылыққа шақырса, өзі де жақсылық жасағанмен тең» деген. (Тирмизи)

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары