Қарағанды 18:45 Құптан
  • 07:16 Таң
  • 08:50 Күн
  • 13:06 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:11 Шам
  • 18:45 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙДЫҢ БІРІ – ШАҒБАН

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, отбасына және оның жолымен жүрген бүкіл үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!Ислам дінінде қасиетті саналған үш айдың бірі – Шағбан айы. Режеп айының аяқталуымен мамырдың 8-і Шағбан айы басталады. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие бұл ай алдағы Рамазан айын сүйіншілейді. Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», - деген (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет).  Осы айтқандай, бұл ай тазалық айы. Көңілдің, жүректің тазалығын қажет ететін ай. Рамазан айы келместен, бес парыздың бірі - оразаға дайындық жасап, адамға деген өкпе, реніштен көңілді тазартатын ай болып саналады. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) Режептен кейінгі кезекте Шағбан айына өте көңіл бөлген. «Аллаһ тағалам, Режеп пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз» деген дұғасын жиі айтатын (Мүснәд, 1, 259).  Осы айда Алла Тағалаға құлшылықты арттырған абзал. Бұл айдағы сауабы көп құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау. Өйткені, Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыз (Рамазаннан тыс) басқа айларға қарағанда Шағбан айында көп ораза ұстап былай дейтін: «Сауапты амалдардан шамаларың жететінін жасаңдар. Өйткені, сендер жалықпасаңдар болғаны Аллаһ сендерге ешқашан жалыққандай сыңай танытпайды. Аллаһ Тағала қабыл алатын ең жақсы амал − аз болса да үзбей істелген іс» деп еске алған (Мүслим, Сиям, 177). «Кімде кім шағбан айының басында үш күн, ортасында үш күн және соңында үш күн ораза тұтса Алла тағала оған осы тұтқан оразасы үшін 70 пайғамбардың сауабын береді», - деген де хадис жеткен. (Зубдатул Уағизин. Дурратун насихин фил уағзи уал иршад кітабы, 278 бет)

Ал, Әнас (р.а.): «Алла елшісінен (ﷺ) «Рамазаннан кейін қандай ораза маңызды?», - деп сұрағанда, ол (ﷺ): «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айында ұсталған ораза», деп, ал: «Қай садақа абзал?» деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Рамазан айында берілген садақа», - деп жауап берген» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, Кутуб әс-Ситта, аудармасы, 9-66). Шағбан айы Ислам тарихында маңызды оқиғалардың орын алуымен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, хижреттің екінші жылы, Шағбан айының орталарында түскен аяттарда мұсылмандар құбыласы өзгерген. Бұрынғы Ақса мешітіне емес, ендігі жерде  Меккедегі қасиетті Қағбаға бет қарататын болған. Ал тағы бір аяттарда Рамазан айындағы ораза парыз етілген, делінген. 

Жыл сайын әлем мұсылмандары Шағбан айының он бесінші түнін ерекше қуанышпен қарсы алады. Өйткені, ол қасиетті «Бәраат түні» болып табылады.

Бұл түн-періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Бұл түнді Ислам ғұламалары «Мүбәрак», «кешірім», «сақ» (кешірім, пәрмен, рахым) секілді атаулармен атайды. Шағбан айының он бесінші жұлдызы туралы, яғни барағат түні туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені,  Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші барма, кешірейін. Ризық сұраушы барма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған барма, шипасын берейін», - деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді» дей келе, «Алла Тағала шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жер бетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», - деп те айтқаны бар (Сүнән-и ибн Мәжә, Иқамәтүс Салат, 191). Сондықтан, бұл түнде Пайғамбарымызға (ﷺ) көп салауат айтып, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал.

Бәраат түнінен соң келесі күні, яғни Шағбанның 15-і күні ораза тұтқан мұстахаб амал болып саналады.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) осы оразаны тұтуды өсиет еткен.  Сондықтан да Шағбан айының 15-і күні ерікті түрде сауабынан үміт етіп, нәпіл ораза тұтуға кеңес береміз. Сондай-ақ, қаза болған оразаны ұстауға да болады.  

Қасиетті шағбан айында жоғарыда айтып өткеніміздей, рамазан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні зор. Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып, ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше пәк жүрекпен қадам басу қажет. Яғни, қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық, жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат, өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту, көпшілік-тің алдында біреудің айыбын көзге басып ұялту секілді жағымсыз істерден тілімізді қорғау қажет. Араздасқан адамдармен достасып, ағайын-туыспен татулығымызды арттыру керек. Шағбан айынан кейін келетін Рамазан айында ораза тұтуға ниет етіп, осы айдаға құлшылығымызды арттыруға амал етейік. Өйткені, Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген (Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет).

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық оталық мешітінің бас имамы

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    07 желтоқсан 2018 жыл Мұндай малға ен салу харам
    03 желтоқсан 2018 жыл Шуба кию күнә ма?
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика