Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰСЫЛМАН МІНЕЗІНЕ АУЫР КЕЛЕТІН СЫНАҚ
14 мамыр, 2016 жыл 1148 Басып шығару нұсқасы

«Тақуа жүрек пен тілден жақсы дүние жоқ. Бұзылған тіл мен жүректен жаман дүние жоқ».

Өмір бірыңғай жайдары күндерден тұрмайды. Айналадағы адамдармен күнделікті қарым-қатынаста ашу, реніш орын алады. Міне дәл осындай ашу қысқан сәттері адамның шынайы сабыры көрінеді. Мұсылман мінезіне ауыр келетін бір сынақ – бұл ашу сәтіндегі ұстамдылық.

Төменде ашу мен ұстамдылыққа қатысты Құран аяттары, Алла елшісінің   () хадистері берілген:

1. «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: «Сәлеметшілік» деп, дұрыс жауап береді!» (25:63).

 

2. «Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе маңғазданып өтеді» (25:72).

 

3. «Өзінікі дұрыс бола тұрып, дауды тоқтатқан адамға Жұмақта ең жоғары жерден үй тұрғызылады. Ал өзінікі дұрыс болмай дауды тоқтатқан адамға Жұмақ маңынан үй тұрғызылады.

 

4. «Бір-біріңе ашуланбаңдар, жауласпаңдар және бауыр болыңдар! Ренжісіп қалсаңдар, реніштерің үш күннен аспасын».

 

5. «Алла мен Қиямет күніне сенген адам тек жақсы нәрсе айтсын немесе үндемесін».

 

6. «Көп сөйлеген адам көп қателеседі; көп қателескен адамның күнәсі көбейеді; күнәсі көп адам отқа душар болады».

 

7.  «Алла Тағала тіліне ие болғандардың кемшілігін жасырады, ашуына ие болғандарды жазаламайды және Өзінен сұрағанның дұғасын қабыл етеді».

 

8.  «Қалжыңдағанда өтіріктен бас тартпайынша және өзінікі дұрыс болса да дауласуды қоймайынша құлдың сенімі толық болмайды».

 

9. «Ашуды таста. Сонда дәрежең көтеріледі. Расында, ашу жамандық үшін жаратылған».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары