Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сақина – сүннет
07 қараша, 2015 жыл 229 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісінің күмістен сақина таққаны тарихтан белгілі. Осыны ескерген ғалымдар сақина тағуды Алла елшісінің сүннеті санайды. Бірақ ер адамдардың сақина тағуына қатысты бірқатар шарттар мен тыйымдар бар. Соларға тоқталсақ:





  • Сақинаны оң қолға да, сол қолға да тағуға болады. Бірақ оң қолға таққан абзалырақ. Абдулла ибн Джафар: «Алла елшісі сақинаны оң қолына тағатын»-дейді. Анас та Алла елшісінің күміс сақинасын оң қолына таққанын жеткізген. Айша анамыз: «Пайғамбарға (с.ғ.с) аяқ киімді оң аяғынан бастап кию, шашы мен сақалын оң жағынан бастап тарау, дәретті оң жағынан бастап алу және басқа барлық істерін оң жағынан бастау ұнайтын»-деген. Әли ибн Әбу-Тәліп: «Алла елшісі маған мына екі саусағыма сақина тағуға тыйым салды»-деп, ортаңғы және одан кейінгі саусағын көрсеткен.





  • Ерлердің күміс сақина таққан жөн. Себебі алтын сақина тағуға тыйым салынған. Әли ибн Әбу-Тәліп: «Мен Алла елшісінің жібектің бір қимасын оң қолына, алтынның бір кесегін сол қолына алып: «Шынында мына екеуіне менің үмбетімнің ерлері үшін тыйым салынған»-дегенін естідім»-дейді. Ал әйел адамдарға жібектен киім киюге, алтыннан әшекей тағу тыйым салынбаған.






  • Ерлер тағатын сақинаның салмағына келер болсақ ханафиттер пікірі бойынша сақина салмағы 4,25 грамнан аспауы тиіс.





  • Ал сақинада Алланың есімі жазылған болса, онымен дәретханаға кірмеу керек. Анас ибн Мәлік: «Алла елшісі дәретханаға барарда сақинасын шешетін»-дейді.






  • Дәрет алған кезде сақинаның астына су бару үшін оны қозғау қажет. Ал тәйәммүм кезінде ғұламалар сақинаны шешкен жөн дейді.




Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары