Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Некесіз туған балалар хақында
07 қараша, 2015 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Сұрақ:


Некесіз туған балалардың тегі күмәнді екені, олардан жақсы, салиқалы адам шықпайтыны туралы қоғамда жиі айтылады. Ал Исламда некесіз туған балалар хақында не айтылған?


Жауап:


Әрине Исламда ер мен әйелдің некесіз қарым-қатынасына қатаң тыйым салынған. Себебі мұндай қарым-қатынастың қайыры жоқ. Некесіз қарым-қатынастан туған бала да дұрыс тәрбие алмауы мүмкін. Бірақ бұл арада баланың дұрыс тәрбие алмауы, мұсылмандықтан бейхабар болуы және т.б. салдарларының күнәсі ол баланың емес, ата-анасының мойнында болады.


Соған қарамастан, Ислам діні – әділеттілік діні. Адамды шыққан тегіне, әлеуметтік дәрежесіне байланысты кемсітуге жол бермейді. Некесіз туған балалардан да атақты адамдар аз шықпаған. Олар да қарапайым, тәрбиелі мұсылман болуы мүмкін. Әрине, бәрі де Алланың қалауымен.  Алла елшісі өз хадисінде: «Некесіз туған баланы оның ата-анасының күнәсі үшін жазаламайды, себебі Алла Тағала: «Ешкім өзгенің күнәсін арқаламайды»-деген»-дейді. Осы хадистен байқайтынымыз, некесіз туған балалардың бұл арада еш жазығы жоқ. Және бұл үшін оны кемсітуге, жәбірлеуге жол берілмейді. Бұл балалар да шынайы мұсылман, қоғамның толыққанды мүшесі бола алады.



Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары