Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла үйінің артықшылығы
10 қараша, 2015 жыл 20 Басып шығару нұсқасы

Күллі мадақ пен мақтау әлемдердің  жаратушысы  Алла Тағалаға болсын!


Мешіт – мұсылманның Алла Тағаламен тілдесіп, сырласатын құтты, берекелі орны.  Кірген адамның жүрегіне жылу ұялатып ерекше бір сезімге бөлейтін мекен. Адам баласының бұл фәнидегі ең бірінші амалы да Аллаға құлшылық ету. Мешітте жасалған құлшылық құлының иманын арттырып, дүниеауи тірліктен ада қылып,  жұмыр жүрек тыныштық табады.


 Мешіт табалдырығын аттап келгеннен кейін, Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с)  салауат айтып, сәлем намазын оқыған қайырлы.  «Егерде мешітке кірсеңдер отырмастан бұрын екі рәкәғат намаз оқындар», - деген осы хадис сөзімізді растайды.  Яғни құлының Алла үйіне деген асқан құрметін білдіреді. Мешітте жамағатпен намаз оқудың дәрежесі өте биік. Мына хадистен мешітте құлшылық жасаудың қаншалықты сауапты істерден екенін түсінуге болады. «Мешітке көрші болған адамның намазы тек мешітте».  Тағы бір хадисте : «Періштелер сендердің тілеулеріңді тілеп, Алла Тағаладан «Я, Раббымыз оларды кешіре көр, рақымыңды қыла көр деп сендер мешіттен намаз оқып шыққанша тілеулеріңді тілейді.


Мешіттерде дүние сөзін сөйлеуге болмайды. Дүние сөзін сөйлегендер жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ақыр заман таянғанда Менің (с.ғ.с.) үмметім ішінен адамдар шығады, олар мешіттерге топ-топ болып жиналып отырады. Бірақ айтатындары дүние сүйгендері дүние болады. Олармен отырмаңдар, олардың отырысы Аллаға қажет емес», - деді.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Егерде бір адамды мешітке байланғанын көрсеңдер, ол адамда иман барына сеніңдер». Тағы бір жерде былай деп келеді: «Мешітте сөйлеген дүние сөзі, сауабыңды малдың шөп жегеніндей жейді», - деп. Осыдан ақ мешіттің қадір-қасиеті мен нағыз құлшылық орнына арналған мекен екенін ұғынуға болады.


 Алла үйіне жиі барған мүмінге жәннатқа жол ашылады. Имам Нахағи айтқан екен:  «Қараңғы түнде мешітке қарай жүру жәннатқа апарады».


Анас ибн Малик (р.а.) «Егерде кім мешітке шырақ жақса сол шырағы жанып сөнгенше періштелер және аршыны көтеріп тұрған періштелер сол адамның тілеуін тілеп күнәларының кешірімін сұрайды», - деді.


Али (р.а.) айтты: «Егер де бір кісі бұл дүниеден өтсе намаз оқыған жері мен амалы аспанға көтерілетін жері» жоқтап жылайды деп Духан сүресінің 29-шы аятын оқыды.


فما بكت عليهم السماء والارض وما كانوا منظرين


«Оларға аспан да, жер де жыламады және оларға мұрса берілмеді». Ибн Аббастың (р.а.) «Жер жоқтап қырық таң жылайды» ,- дегені тағы бар.


Анас ибн Малик (р.а.) : «Қандай бір жерде Алла Тағала зікір қылынса сол жер басқа жаныңдағы жерлерге мақтанады, және өз астындағы жеті қат жерге сүйінші хабар береді. Қандай бір адам бір жерде намаз оқыса сол жер сол адам үшін әдеміленеді», - деген.


Көк күмбезі алыстан көзтартып, адамдарға осыншалықты нұр сыйлайтын Алланың үйін салғандар үшін Жаратушының мейірімі тіпті ерекше.


Құран Кәрімнің «Тәуба» сүресінде Алла Тағала мешіт салатын құлдарын «Шынында Алланың мешіттерін салатындар олар Аллаға және қиямет күніне иман келтіргендер», -деп сипаттаған.


Адамзат баласына екі дүние бақытын көрсеткен ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Қандай да бір кісі Алла разылығы үшін мешіт салса үлкендігі құстың жұмыртқасындай болса да, ол адамға Алла Тағала пейіште сарай тұрғызады. Басқа бір хадисте : «Кімде-кім мешітпен дос болса, Алла Тағала сол кісімен дос болады» делінген.


Пайғамбарамыз (с.ғ.с.) «Алла Тағала алдыңғы кітаптарда айтқан екен: «Менің жер бетіндегі үйлерім мешіттер, қандай бір кісі мешіт салған болса Маған зиярат қылғаны. Қандай сүйінші бар егерде бір кісі үйінен дәрет алып, Менің үйіме, яғни мешітке келіп Мені зиярат қылса, үй иесіне міндет келген адамға құрмет көрсету».


 


 


Арабшадан аударғандар Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Қосмағамбетов Бекболат, Кәрсембай Дархан



 



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары