Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылман адам ақшасын ең әуелі кімге жұмсауы керек?
13 қараша, 2015 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

image35778Ерлі-зайыптылардың бірінің әке-шешесіне қаржылай көмек беруі көп отбасылардағы ұрыс-керіске себеп болып жатады. Және мұндай себептен туындаған жанжал соңы жақсылыққа жеткізе бермейді.


Ата-анаға қамқорлық жасау әр адамның міндеті. Құранда Алла Тағала: «Жаратушыларың Өзінен басқа ешкімге құлшылық қылмауды және ата-аналарыңа жақсылық жасауды бұйырды. Егер олардың біреуі немесе екеуі қартайса тіпті «туф» деп те айтпа, оларға дауыс көтерме, оларға жылы сөйле»-дейді (әл-Исра’ сүресі, 23-аят).


Алла елшісі: «Адамды Аллаға жақындататын таухидтен кейінгі ең жақсы құлшылық ата-анасына қамқорлық жасау»-деген. Сондай-ақ ата-анаға жақсылық жасау қыз бен ұлға бөлінбеген. Бұл әр баланың міндеті.


Әке-шешеге көмектеспек болған кездегі ұрыс-керістің басым бөлігі «өзімізге жетпей қала ма» деген қорқыныштан туындайды. Бұл арада тек ата-анасына ғана көмектесіп, өзінің бала-шағасын аш-жалаңаш қалдыруға тағы болмайды. Әр нәрседе, әр істе алтын ортасын тауып ата-анаға да, бала-шағаға да бірдей қарау міндет. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін болса, әрқайсы табысын өз ата-анасына жұмсауға құқылы. Ал егер әйел адам жұмыс істемесе, ерінің табысын оның рұқсатымен ғана өз әке-шешесі үшін жұмсай алады.


«Бір бүтін» болуға ниет етіп, отбасын құрғаннан кейін бір-бірінің ата-анасын тең сыйлап, ақшалай көмек мәселесіне келгенде өзара ақылдасып шешкен абзалырақ болады.


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары