Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОРАЗА – АДАМ ҮШІН ЕҢ КЕРЕКТІ ДӘРІ!
05 маусым, 2016 жыл 728 Басып шығару нұсқасы

 

Ораза - ішек ауруларына, іш қатуға, кейбір тері ауруларының жақсаруына көмектеседі. Ораза – адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеты), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауызашар уақытында тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді: «Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады. Алайда ең маңыздысы – бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады».
Ораза кезінде күндізгі ауқыттарда қандағы холестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холестерин қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып қаттылығын жоғалтады. Осыдан барып ең бір қорқынышты ауру «артериосклероз» (жүректің қысылуы және сал болу себептері( ораза мен дәреттің ортақ әсерімен жойылады.
Жүрекке кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.
Көп ас ішкеннен кейін денедегі бүкіл мүшелермен қатар жүрек те шаршай бастайды. Бұндай жағдайда қан ми мен орталық жүйке жүйесінің жасушаларына толықтай жете алмайды. Жүрек мамандары көп тамақтану мен жүрек талмасы арасында байланыс бар екенін айтуда.
Батыс Германияның Нордхейм Вестфален қаласындағы Рак аурулары институтының маманы проф.др.Дж.Л.Паул арнайы зерттеу нәтижесінде оразаның рак ауруынан сақтайтындығын жариялады. Проф. Требтің медицина әлемінде айтулы бағаға ие мәліметіне сүйенсек, ораза ұстаған адамда «адреналин және кортизон» деп аталатын гормондар көп мөлшерде қанға араласады. Дененің ең кіші жасушаларының азайып-көбеюін қамтамасыз ететін бұл гормондар бұл жасушалардың рак ауруына шалдықпауын қамтамасыз етеді.
Ораза дененің бүкіл жүйелеріне әсер етіп, денсаулығын арттыратын қасиетке ие. Алайда тек денсаулықты жақсарту ниетімен ораза ұстау дұрыс емес. Ораза ұстаудағы басты ниет – Алланың әмірін орындау болуы керек. Орзаларыңыз қабыл болсын!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары