Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қасиетті өзен суларының 10 белгісі
13 қараша, 2015 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Су – тіршілік көзі. Алла Тағала барлық нәрсені судан жаратқан. Су ыстықты басады, ағзадағы ылғалды сақтайды, қан айналымын жақсартады. Жылы суға қарағанда адам ағзасы үшін салқын су өте пайдалы.


Су сапасына қатысты 10 шарт:


1. Су таза болуы керек;


2. Иіссіз болуы керек;


3. Дәмі дұрыс болуы керек;


4. Мөлдір болуы керек;


5. Су көзі ластанбаған болуы керек;


6. Су көзі неғұрлым терең болса ол соғұрлым таза;


7. Су көзі ашық болуы тиіс;


8. Ағынды су болуы керек;


9. Су көзі көлемді болуы керек;


10. Су көзі солтүстіктен оңтүстікке немесе батыстан шығысқа ағуы тиіс. Егер осы он шарты болса, судың қасиетті Ніл, Евфрат, Сейхан және Джейхан өзендерінің суына тән сапасы болғаны.


Алла елшісінің түнгі сапары туралы айтылатын хадисте мынадай оқиға баяндалған: «Ол жерде төрт өзен бар екен. Екеуі жасырын, екеуі көрініп тұр. Мен «О, Жәбірейіл! Бұл не қылған өзендер»-деп сұрадым. Ол: «Жасырын өзендер Жұмақта ағатын өзендер, ал көрініп жатқан екі өзен Ніл мен Евфрат»-деді.


Дәрет алуға рұқсат етілген сулар


1) жаңбыр суы;


2) өзен суы;


3) құдық суы;


4) бұлақ суы.


5) теңіз суы;


6) табиғи немесе жасанды қар мен мұзды ерітіп алған су;


7) еріген бұршақ суы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары