Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жұмаққа жетелейтін 6 дүние
16 қараша, 2015 жыл 18 Басып шығару нұсқасы

«Сахабалар Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) мынадай сұрақ қояды:


– О,  Алланың елшісі! Тақуа адам қорқақ болуы мүмкін бе?


–Иә, – деп жауап береді Пайғамбар.


– Тақуа сараң болуы мүмкін бе?


– Иә.


– Тақуа өтірікші болуы мүмкін бе?


– Жоқ, ешқандай жағдайда, – дейді Пайғамбар. Содан кейін:


– О, менің халқым және менің сахабаларым! Маған алты нәрсеге кепілдік беріңдер. Мен Жұмаққа кепілдік беремін. Келесі айтқандарымды орындауға уәде етсеңдер Жұмаққа кіретіндеріңе уәде беремін:




  1. Сөйлегенде шындықты айту.



  1. Берген уәдеде тұру.



  1. Аманатты сақтау, қиянат қылмау.



  1. Жыныс мүшелеріңді зинадан сақтау.



  1. Көзді тыйым салынғандардан сақтау.



  1. Қолдарыңды тыйым салынғаннан сақтау және оған жақындамау (жасамау)»-деген екен.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары