Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОРАЗАДА МҰСЫЛМАН ҚЫЗДАРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН ҚИСЫНСЫЗ СҰРАҚТАР
09 маусым, 2016 жыл 8407 Басып шығару нұсқасы

Жыл сайын сансыз сауапқа толы Рамазан айын мұсылман қауымы тағатсыз күтіп, осы айда жаппай ораза ұстайды. Қасиетті айда жан-жақтан жөнсіз сұрақтарын қоятындар да табылады.

"The Telegraph"  басылымының дерегі бойынша ауыз бекіткен мұсылман қыз-келіншектерге ыңғайсыздық туғызып, жиі қойылатын сұрақ мыналар:

      1. «Ауыз бекітіп арықтайтын болдың ғой, дене бітіміңді қалыпқа келтіріп алатын шығарсың?»

Ораза әсте арықтау үшін емес, Жаратушы Иеміздің бұйырғанына бойұсыну.

      2. «Сен неге ауыз бекітуді тоқтаттың?»

Әйелдерге етеккір келген кезінде және босанғаннан кейін нифас қанынан тазармайынша ауыз бекітуге болмайды. Сондықтан да мұсылман қыз Рамазан кезінде аузы ашық болатын болса, барлығына жар салып, әңгімелеудің қажеті жоқ.

     3. «Сен ораза ұстаған үшін орамал тақтың ба?»

Исламда әйелдерге орамал тағу күнтізбеде қандай ай екеніне байланысты емес, ол Алла Тағаланың бұйрығы. Әрбір балиғат жасына жеткен қыз бала орамал тағуы тиіс.

     4.  «Сенің ақыл-парасатың ауыз бекітуден де биік деп ойласам».

Ақыл-парасаттың нақ өзі мұсылманның Жаратушысының бұйырғанын себепсіз қалдырмай, парыз оразаны тұтуға түрткі болады.

     5.  «Қарның ашты ма?»

Ораза адамға аштық туралы есіне салу әдепке жатпайды.

     6. «Құдайға сенің ішкен-ішпегенің бәрібір емес пе?»

Әрбір мұсылман Алла Тағала адамдарды Өзіне құлшылық ету үшін жаратқанына сенеді, ораза да Раббымызға деген қалтқысыз сенімді білдіреді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары