Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОРАЗА ҰСТАҒАНҒА СЫЙЛЫҚ БАР
10 маусым, 2016 жыл 1749 Басып шығару нұсқасы

Ораза – Алла Тағаланың құлына берген үлкен нығметі. Білген адамға оның пайдасы ұшан теңіз. Алғаш ұстап жатқан жандар, екі жақты пікір қалыптасқан қоғамда, яғни мұсылман бола тұра ауыз бекітудің нығметінен мақрұм жандардың кереғар ойларынан ораза ұстау қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ, Алла Тағала құлдарына қиындық қаламайды. Керісінше Рамазан айы нығметтер еселеніп, дұғалар қабыл болатын уақыт. Ораза ұстаған жанға Алла Тағаланың  үлкен сыйы бар.

Аят кәримада былай  айтылған:

إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيرًا وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْرًا عَظِيمًا

«Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, Мүмін ерлер және Мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер, Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі» 1 .

Рассулүллаһ (ﷺ)  осы сыйлық туралы былай деген:

«Ораза ұстаған кісіге екі қуаныш бар:

  1. Ауыз ашқанда (Хақ Тағаланың нығметтеріне қауышқаны үшін) қуанады.
  2. Раббысына қауышқанда оразасының берекетімен жеткен ұлы дәрежесін көргенде қуанады» 2 .

Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды қабыл етіп,  сый-құрметке ие болуды нәсіп еткей!

 

1. Ахзаб, 33/35

2. Бұхари, Саум, 9.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары