Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КОФЕ ҚҰЙЫЛҒАН ШЫНЫАЯҚ
29 қаңтар, 2021 жыл 522 Басып шығару нұсқасы

Талай жетістікке жеткен, биіктерді бағындырған беделді университеттің түлектері өздеріне сабақ берген оқытушыларының үйіне қонаққа келеді. Біраз отырғаннан кейін, жұмыс жайында әңгіме өрбиді. Барлығы да таусылмайтын тауқымет, қиындықтарын айтып, шағымдана бастайды.

Профессор олардың сөзін бөліп, кофе ішуді ұсынады. Қарсы болмаған шәкірттеріне кофе әзірлемек болып ас үйге кіреді. Біраз уақыттан соң әр түрлі шыныаяққа құйылған кофені табаққа тізбектеп салып алып келеді. Фарфорлы дейсіз бе, қымбат шыны, хрусталь, кәушік, ағаш дейсіз бе, бәрі де бар. Бірінің бағасы қымбат болса, бірі арзан қолды қарапайым ғана шыныаяқ. Өмірлеріне көңілдері толмай отырған қонақтары өздеріне ұсынылған шыныаяққа қарай қолдарын созып ала берді.

Сонда профессор тұрып:

–         Назар салыңдаршы, әдемі шыныаяқты барлығын алып алдыңдар, арзан әрі қарапайымдары болса қалып қойды. Өзіңе тек жақсысын қалау – бұл сендер үшін қалыпты нәрсе. Алайда өздерің айтып отырған бітпейтін мәселелер мен көңіл-күйлеріңнің құлазуының бірден-бір себебі де – осы шырақтарым. Мынаны ұғынып алыңдар, кофені дәмді қылатын ыдыс емес. Ол жай ғана көзтартарлық қымбат зат.  Негізінде, сендердің қалауларың ыдыс емес еді , тек кофе болатын. Бірақ сендер біле тұра шыныаяқты таңдадыңдар, кейін кімге қандайы түсті деп, бір-біріңнің қолдарыңа қарадыңдар.

Енді ойланып көріңдер, өмір ол – кофе, ал жұмыс, ақша, лауазым, қоғам – кофе құйылған шыныаяқ.  Кейінгі айтылғандар бар болғаны өмірді сақтап тұратын және тіреу болатын дүниелер ғана. Олай болатын болса, қандай шыныаяқты қолданғанымыз өміріміздің өлшемі емес. Өмір мұндай дүниелермен бағаланбайды. Кейде сол әдемі, көз жанарыңды жаулап алатын шыныаяқтарға ғана мән беріп, кофенің дәмінен ләззат алуды ұмытып кетеміз...

 

PS: Иә, шындығында бұл бес күндік жалған өмірдің мәні – дүние жинап, бай болу емес екені бешенеден белгілі. Материалдық құндылықтар жүрегіңе жылу сыйламайды, рухани жан-дүниеңе азық бола алмасы да анық. Ендеше күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, бір тиынды бір тиынға қосуға асыққан заманда адамды адам ететін, жаныңды байытатын адамгершілік, мейірімділік, имандылық сынды қасиеттерді бағалай білейік! Сананы тұрмысқа билетпейкші...

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары