Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАЙТЫС БОЛҒАН КІСІНІҢ ОРАЗАСЫН ҚОЖАЙЫНЫ НЕ ЖАҚЫНДАРЫ ҰСТАСА БОЛА МА?
15 маусым, 2016 жыл 722 Басып шығару нұсқасы

Мойнында Рамазан оразасының борышы бар кісі үшін екі түрлі жағдайды айтуға болады:

а) Науқастық, жолаушылық, өте кәрі болу және созылмалы ауру сияқты үзірлерге байланысты ораза ұстау мүмкіншілігі болмай қайтыс болған кісілерге ғалымдардың басым көпшілігінің пікірінше мұндай мүмкіншіліктің болмауы олардың кінәсі болмағандықтан еш нәрсе қажет емес. Бұл оразалар қажылықтағы сияқты орнына ештеңе өтемей, мойнынан түседі. Қаза етулері де керек емес. Өйткені бұларды орындауға уақыты мен мүмкіндігі болмаған.

ә) Ораза борышы бар кісі оразаларының қазасын өтеу мүмкіндігіне ие болғаннан кейін қайтыс болса, артында қалған қожайындары сол үшін ораза ұстай алмайды. Тірі кезінде болсын, қайтыс болғаннан кейін болсын, мұнда өкілдік пен орнына тапсыруға болмайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ешкім басқа біреудің орнына намаз оқи алмайды, ораза тұта алмайды. Бірақ оның атынан әр күн үшін бір өлшем бидайды кедейлерге береді» 1.

Ханафи мен мәлікилерде қайтыс болған кісі ұстай алмаған күндері үшін фидия беруін өсиет еткен болса, оның атынан әрбір күн үшін бір кедейге жарты сағ құрма не арпа береді. Өйткені, өлген кісінің өмірінің соңында оразаны өтеуге күші жетпегендіктен кәрі кісі сияқты болып саналады 2.

 

  1. Тирмизи, Саум 23; Ибн Мәжә, Сиям 50; Мәлік; Муатта,Сиям 53.
  2. Ибнүл Һүмәм, а.а.ш ІІ, 83; әл-Майдани а.а.ш, І,170;
  3. Ибн Рүшд, а.аш, І, 290; әш-Шірбини а.а.ш, І, 43 т.б;
  4. Ибн Құдәмә а.а.ш ІІІ, 142 т.б.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары