Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖӘННӘТТА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗБЕН ﷺ БІРГЕ БОЛУ ҮШІН...
20 маусым, 2016 жыл 1054 Басып шығару нұсқасы

Әрбір мұсылман Жәннатта Пайғамбарымызбен  бірге болуды аңсайды. Суффа сахабаларынан болған Пайғамбарымыздың қызметшісі Әбу Фирас Раби’ бин Кә’б әл-Әсләмидің де аңсары «Пайғамбарымызбен Жәннатта қалай бірге болсам» еді. Сол үшін сахаба Пайғамбарымызға жан-тәнімен қызмет қылатын. Түндерін Пайғамбарымыздың қасында өткізетін. Дәрет суын дайындайтын. Қажет дүниелерін әкеп беретін. Бір күні Пайғамбарымыз сахабаның бұл қызметі үшін:

  • Қызметіңнің қарымы ретінде менен не қалайсың? – деп сұрайды. Бұл сәтті қалт жібермеген сахаба:
  • Жәннатта сізбен бірге болуды қалаймын, – деп көкейдегі арманын, көңіліндегі аңсарын айтады. Сонда Пайғамбарымыз :
  • Басқа нәрсе сұрасаң... – дейді. Сахаба Әбу Фирас Раби’ сонда да:
  • Менің қалауым осы, – деп өзінің өмір бойғы тілегінен айнымайды. Сол кезде Пайғамбарымыз :
  • Олай болса бұл тілегіңнің орындалуы үшін өте көп намаз оқып, сәжде қылу арқылы маған жәрдем ет, – дейді (Мүслим, «Салат», 226).

Демек, Ардақты Пайғамбарымыздың Жәннатта жанынан табылу үшін ықыласпен құлшылығымызды арттыруымыз керек. Көп намаз оқу – Пайғамбарымыздың сүннеті. Алла Елшісінің   сүннетіне берік болу – оған деген махаббатымыз бен сүйіспеншілігіміздің артуына себеп болады. Ал «мү’мин Жәннатта сүйіктісімен бірге болады» (Әбу Дауд, Адап: 113, Мүслим, Бирр: 50).

Салтан СӘКЕН

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары