Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Барлық күнәнің бастауы
24 қараша, 2015 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

Адамға үш өмір тән: дүниедегі өмір, қабірдегі өмір және мәңгілік өмір. Егер адам жалған дүниеде Аллаға құлшылық қылса, Алланың ісін жеңілдеткен болады. Ол оған қабірде мейірім танытады, ақыретте күнәларын кешіреді.


Алла елшісі: «Дүние тірлігіне деген құмарлық барлық күнәнің бастауы»-деген.


Тек дүние қызығын ойлайтын жүрек – дертті. Жүректің дауасы – Шариғатты сақтау, Алла Тағаланы еске алуда.


Дүние – аумалы-төкпелі, бүгін бізде, ертең басқада болмақ. Ал ақыреттің игілігі мәңгілік. Санаулы күндерден тұратын осы өмірі Шариғат талаптарына сай өткізілген болса адам мәңгілік өмірде бақыт таппақ. Ал осы өмірі Исламнан тыс өткен болса, соңы беймәлім...


Бір хадисте: «Дүние тірлігі сендер үшін жаратылды. Ал сендер ақырет үшін жаратылдыңдар. Ақыретте Жұмақ пен Тозақ отынан басқа орын жоқ»-делінген.


Сондықтан да адамның алдамшыға алданбай, бір мезгіл ақыретін ойлағаны абзал-ау...


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары