Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰХАММЕД (ﷺ) ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАСҚА ПАЙҒАМБАРЛАРДА ЖОҚ 5 ҚАСИЕТІ
27 маусым, 2016 жыл 2656 Басып шығару нұсқасы

«Маған ешбір пайғамбарға берілмеген бес нәрсе берілген. Олар:

  1. Бір айлық жолдағы дұшпанымның жүрегіне үрей (қорқыныш) салып, жеңіске қол жеткізу.
  2. Бүкіл жер беті маған мешіт қылынды. Топырақ та тәйәмумге бола тазартылды. Сондықтан үмметімнің кез-келген бірі намаз уақыты жетсе, дереу сол жерде намазын оқи берсін.
  3. Менен бұрын ешбір пайғамбар мен үмметіне халал етілмеген олжа маған және менің үмметіме халал етілді.
  4. Менен бұрынғылар тек бір қауым мен тайпаға ғана пайғамбар ретінде жіберілсе, мен бүкіл адамзат атаулысына пайғамбар ретінде жіберілдім.
  5. Маған дәнекерлік жауапкершілігі берілді.

Осы соңғысының мағынасын тура ашып беретін басқа бір хадисте былай делінген:

«Әр пайғамбардың, сөзсіз, қабыл болатын ғажайып, керемет бір дұғасы бар. Мен бұл дұғамды, иншааллаһ, махшар күні үмметім үшін кешірім дәнекерлігіне сақтаймын» (Дәріми, Рәқаиқ, 85; Мүслим, Фәзәил,2).   

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары