Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтанның 20 дұшпаны
03 желтоқсан, 2015 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Ибн Аббастың жеткізуі бойынша, Алла елшісі шайтанға мынадай сұрақ қойған екен:


– Менің үмбетімнен қанша адам саған дұшпан болмақ?


Шайтан:


– Жиырма адам:


•Біріншісі – сенсің Мұхаммед! Күмәнсіз, мен сені жек көремін.


•Білімімен өмір сүретін ғалым.


•Құранды білетін және соған сай іс қылатын адам.


•Бес уақыт намазға шақыратын адам.


•Кедей-кепшікті, мүсәпір мен жетімдерді жақсы көретін адам.


•Жүрегі мейірімді адам.


•Шыншыл да қарапайым адам.


•Жасынан Алла Тағалаға құлшылық етіп өскен бозбала.


•Рұқсат етілгенді азық ететін адам.


•Алла разылығы үшін бір-бірін жақсы көретін екі адам.


•Жамағатпен намаз оқуға тырысатын адам.


•Ел ұйықтап жатқанда, түнде намаз оқитын адам.


•Тыйым салынғаннан сақтанатын адам.


•Өз бауырлары үшін дұға жасайтын немесе басқаларды үйрететін адам.


•Үнемі дәретпен жүретін адам.


•Жомарт адам.


•Көркем мінезді адам.


•Алла берген несібесінен садақа беретін адам.


•Жесірлерге көмектесетін адам.


•Ажалына дайындалатын адам».


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары