Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАДІР ТҮНІНДЕ ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚУҒА БОЛАДЫ ?
16 наурыз, 2021 жыл 12894 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Қадір түні ғибадаттардың сауабы еселеніп, дұғалар қабыл болатын уақыт. Бұл түн –Алланың құлдарына берген өлшеусіз нығметі. Дәл осы түні қандай дұға оқысақ болады? Алдымен дұға жасаудың маңыздылығына тоқталып өтейік:

Нұғман ибн Башир жеткізген Пайғамбарымыздың (ﷺ)  : " Шын мəнінде дұға – нағыз ғибадат!" , – деген сөзі дұғаның қаншалықты маңызды екенін көрсететіндей. Әрі қарай Расулалла (ﷺ)  мына аятты оқыған,  жəне Раббыларың айтты: " Маған жалбарыныңдар (дұға жасаңдар) Мен сендерге жауап беремін. Шын мəнінде Маған ғибадат қылуға тəкəппарланатындар қор болған күйде тозаққа кіреді" (Ғафыр – 60). (Абу Дауд , Тирмизи). Иә,  Пайғамбарымыз  айтқандай: "Алланың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нəрсе жоқ" (Ахмад, Тирмизи).  

Дұға жасауда адам баласы алдымын Раббысының жауап беретініне, тілеуінің қабыл болатынына жүрегімен сенуі тиіс. Алла Тағала: " Менің пенделерім сенен Мен туралы сұраса ақиқатында Мен оларға жақынмын, Маған дұға жасаса (тілек тілесе) жауап беремін. Ендеше, олар да Менің əмірімді орындасын. Иман келтірсін, мүмкін олар тура жолға түсер" (Бақара-186), – деді. 

Жалбарынып сұраған дұғаң сол мезетте қабыл бомай жатса, оған қа қаймығуға болмайды. Абу Сағид аль-Худрийден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ)  былай дейді: "Аллаға дұға қылып жалбарынған əрбір мұсылманның тілегінде күнəлі немесе туысқандық байланысты үзетін нəрсе болмаса, Алла төмендегі үш түрлі сипаттағы жауаптың бірімен оның тілегін қабыл етеді: Ол оның тілегін тез арада қабыл етіп , сұрағанын береді немесе Ол оның тілегінің сауабын қиямет күнге қалдырады, я болмаса оның тілегіне орай тағдырында жазылған жамандықты алып тастайды". Сонда сахабалар : "Ендеше біз көп дұға қыламыз"-деді. Бұған пайғамбарымыз (ﷺ) : "Ал, Алла одан да көп береді"- деп жауап қайтарды"( Бұхари, Ахмад).   

Жоғарыда келтіріп өткен Құран аяттары мен хадистер дұға қылуға құштарлықты оятып, құлшынысты арттырады. Мысалы , толық иман келтірсең жəннəтқа баратының немесе жұмыс істесең табыс табатының тəрізді, неғұрлым көбірек дұға қылсаң соғұрлым өміріңнің жақсылыққа өзгеруіне ықпал етесің.

Хаким Анастан келген рияуатта Пайғамбарымыз (ﷺ)  былай деген:"Алла Тағала айтыпты: "(Иə) Адам баласы, сен Маған дұға қылып жалбарынуыңды жəне үміт артуыңды тоқтатпайынша , қандай күнə жасағаныңа мəн берместен , Мен сені кешіре беремін" (Ахмад).

ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ДҰҒА

Айша анамыздың (р.а) Пайғамбарымыздан (ﷺ) : «Уа, Алланың елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі. Бұған Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ия, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр! /Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни/»  деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким).    

Осы хадистерді атаған хафиз Ибн Ражаб: «Суфьян әс-Саури: «Қадір түні дұға ету мен үшін намаз оқудан да сүйіктірек»,  дейтін. Суфьянның айтпақшы болғаны: «Көп дұға ету ‒ дұғасы жиі айтылмайтын намаздан артық. Алайда, егер адам Құранды оқып, дұға ететін болса, онда, әрине, бұл жақсырақ. Рамазан айында түнгі намаздарды оқығанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды ырғақтап оқитын және мейірім туралы аят оқыса, оны тілейтін, азап туралы аят оқыса, одан Аллаһқа сиынып, пана сұрайтын. Осылайша ол намаз бен Құранды, дұға мен зікірді бірге жинаған! Бұл Рамазан айының соңғы он түнінде және басқа түндері жасалатын ең жақсы әрі ең кемел іс болып табылады», ‒ дейді. (“Ләтаифул-мә’ариф” 204).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары