Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН ЖӨН?
01 шілде, 2016 жыл 1017 Басып шығару нұсқасы

Осы түнде құлшылықтың сан түрін жасауға болады. Қадір түнін жақсы өткізуге болатын бірнеше кеңес:

АЛЛАНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ДЕМАЛЫС АЛ. Яғни, мүмкіндік болса Рамазан айының соңғы он күніне еңбек демалысын алуға тырыс. Жұмыс істеп жүрген болсаң, осы жайлы алдын-ала жоспарлап қой.

БІЛІМІҢМЕН БӨЛІС. Дос-жарандарыңмен, туған-туыстарыңмен, Ислам ғұламаларымен осы 10 түн жайлы әңгіме өрбіт, маңыздылығы жайлы сөйлес. Ғибадат жасауға шақыр.

ИҒТИҚАФҚА КІР. (Құлшылық ету мақсатында мешітте оңаша қалу) – Барлық 10 түнді Иғтиқафта өткізуге тырыс. Барлық түнді олай өткізе алмасаң, қолыңнан келгенше, тіпті бір түн болса да, оңашалан. АЛЛА Елшісі  () былай дейді: «Кімде-кім Алланың разылығы үшін бір күн иғтиқафта болса, Алла ол адам мен тозақтың арасын үш ормен алшақтатады, ір ордың арасы Көк пен Жердің арасынан да алыс.

ҚҰРАН ОҚУДЫ КӨБЕЙТ: Қанша көп Құран оқи алсаң, сонша оқы.Құран оқудың сауабы мол. (Намазыңда оқитын сүрелердің мағынасын ұғунуға аса назар сал. Намазыңды алаңдамай оқуға септігін тигізеді).

ҚОСЫМША НАМАЗ ОҚЫ: Қолыңнан келгенше көбірек нәпіл намаздарын оқы. Мысалы, тахаджуд намазы, тасбих намазы және т.с.с.

КӨП ЗІКІР АЙТ: Алла Тағаланы есіңе ал, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке  ()салауат айт, Истиғфар оқы (Алладан кешірім сұра).

ДҰҒА ЕТ (АЛЛАДАН СҰРА):  - Бұл дүние мен ақыретте өзіңе әрі жалпы үмметке (жамағатқа) керектің бәрін Алладан жалынып сұра. Рамазан дұға қабыл болатын сәттерге толы ай. Айша анамыз Пайғамбарымыздан  (): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ  (): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіе гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді. (Ахмад Ибн Маджах, Ат-Тирмизи)

Ұстаз Айбек ОМАР

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары