Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жазасы дайын 9 адам
12 желтоқсан, 2015 жыл 186 Басып шығару нұсқасы

1. Құдайға сенбейтіндер.


Алла Тағала: «Қайырым жасаудан бас тартқан, қылмыс жасаған, Алладан басқа тәңірді мойындап күмән келтірген әр дінсізді Тозақ отына тастаңдар. Оларды ауыр азапқа салыңдар!»-деген (50: 24-26).


2. Екіжүзділер.


Құран Кәрімде: «Шынында екіжүзділер Оттың ең төменінде болады және сен оларға көмекші таппайсың»-делінген (4:145).


3. Кәпірлер.


Алла Тағала: «Сенім келтірмей, өзгелерді Алла жолынан тайдырғандарды бақытсыздық таратқандары үшін Біз азаптаған үстіне азаптаймыз»-дейді (16:88).


4. Алланың бұйырғанына құлақ аспағандар.


Құранда: «Сенің Құдайыңмен ант етеміз, Біз оларды және шайтандарды жинап,Тозақ отының жанына тізерлетіп қоямыз. Содан кейін Біз әр қауымнан Мейірімді Аллаға ең көп құлақ аспаған жанды шығарамыз. Онда кімнің күйетінін Біз жақсы білеміз»-делінген (19:68-70).


5. Тәкаппарлар.


Алла елшісі: «Қиямет күнінде Оттан көретін екі көзі, еститін екі құлағы бар мойын шығып былай дейтін болады: «Маған үш санат тапсырылды: «әр тәкаппар менмен, Алла Тағаладан басқаға табынған әр адам және сурет салған әр адам»-деген.


6. Пұтқа табынушылар.


Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с): «Шынында Қиямет күнінде барлық адамдардың ішінде ауыр азапқа ұшырайтындар сурет салушылар»-деген.


7. Пайғамбарды өлтірген адам.


8. Адамдарды адастырған имам


Алла елшісі: «Шынында, Қиямет күнінде ең ауыр азапқа тап болатындар – Пайғамбарды өлтірген адам, адамдарды адастырған имам, сондай-ақ сурет салушылар»-деген.


9. Өтірікші


Алла елшісі: «Қиямет күнінде Алла Тағала үш адамға қарамайды, олармен тілдеспейді және оларға азапты сынақтар дайындаған»-дейді. Сонда ол үшеудің кім екенін сұраған Әбу Хурайраға: «Тәкаппарлықтан ұзын балақты шалбар киюші, өтірік айтып тауар сататын және жәбір көрсететін адам»-деп жауап берген екен.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары