Ибраһим (ғ.с) пайғамбар өте бай болған. Оның мұншалықты байлығын көрген періштелер Алла Тағаладан:
– Иә, құдіретті күшті Құдайым! Оған осынша байлықты бергенің үшін сүйікті құлдарыңнан қылдың ба? – деп сұрайды.
– Жоқ! Мен оның жүрегіндегісін білемін! Егер қаласаңдар, барып тексеріп көрсеңдер болады, – деді Алла Тағала.
– Сөйтіп Жәбірейл бастаған бір топ періштелер жолаушы болыр Ибраһим (ғ.с.) пйғамбарға келеді.
– Таудың етегінде жайылып жүрген отар қойларды көріп, Жәбірейл (ғ.с.) Ибраһим пайғамбардан (ғ.с.):
– Кімнің қойлары?, - деп сұрайды.
– Олар Аллаға тиесілі, ал біз тек керегімізге жаратамыз, – деп жауап берді пайғамбар (ғ.с.)
– Біз зәру жандар едік. Бізге бір қойыңды бере аласың ба?, – деп сұрайды Жәбірейіл(ғ.с.).
– Егер сендер Алланы мадақтайтын зікір айтсаңдар керектеріңді беремін, – дейді.
– Періштелердің айтқан зікірі, Ибраһим пайғамбардың (ғ.с) бұрын естіп жүргендеріне мүлдем ұқсамады.
– Оған қатты ұнап қалып, періштелерге қайта айтқызады да, малының үштен бір бөлігін береді. Іле-шала әлгі зікірді тағы да қайталатқызады да, дәл сондай мөлшерде қой береді. Оның сұрауымен үшінші рет айтқанда пайғамбар (ғ.с) малын түгелдей бере салады.
Сонда періштелер:
– Біз періштелерміз, сенің сыйға бергеніңнің ешқайсысына мұқтаж емеспіз, – деп үн қатады.
Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) берген жауабы:
– Маңызды емес! Алла разылығы үшін берілген мүлік қайтарылып алынбайды. Малдарды сатып, түскен қаражатты игі істерге жұмсаңдар.
Пікірлер