Әбу Хурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымызға ﷺ бір адам келіп:
- Уа Расулаллаһ! Сауабы ең көп садақа қайсы? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ:
- Денің сау, кедейліктен қорқып, сараңдығың артып, бай болудан үмітті болған шағыңда берген садақа – ең абзал садақа. Ал бұл шағыңда садақа беруге салғырт қарап, жан алқымға келгенде «Пәленшеге осынша садақа болсын, түгеншеге мұнша садақа болсын» деуіңнен түк пайда жоқ. Онсыз да ол дүние-мүлкің солардікі болады, – деп жауап береді.
Пікірлер