Тілдік нұсқа
Радио

мақала

СИРИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ НАСИХАТЫ...
14 шілде, 2016 жыл 869 Басып шығару нұсқасы

(Марат Мауленов және оның отбасы)

  Бүгінде әлеуметтік желілерде  түрлі экстремизмді және лаңкестікті насихаттаушылар жетерлік. Естеріңізде болса, Марат Мауленов және Нұрдәулет Амангельдиев сынды, ВКонтакте желісіндегі тіркелушілер өз үндеулерін жариялаған болатын. Онда Сириядағы «ДАИШ» экстремистік ұйымының күнделікті өмірін және шариғат орнаған бірден-бір мемлекет екендігін атап көрсетеді. Және өздерінің жеке парақшаларын ашып, күн сайынғы соғысқа шақыратын жазбалар салып тұрады. Марат Мауленов өзінің балаларының суреттерін жариялап, өз ұғымындағы жихадта жүрміз деп есептейді. Қазақ тілінде көп пікір айтылатын діни топтар мен түрлі тақырыптар талқыланатын бірлестіктерге, өз жазбаларын қалдырып жүрді. Өзін баласымын деп растаған Нұрдәулет Амангельдиев сынды тіркелуші, өз парақшасына бірнеше сілтемелерді Марат Мауленовты қолдайтын жазбалармен бөліскен. Әкесі мен баласының мұндай әрекеті кейбір жандардың наразылығын туғызып жатты. Неге десек? Олар басқаның пікірімен санаспай, өздерінен басқасының бәрін бір сөзбен кәпірге балап жатты. Алайда, олар қысқа ғана өзіңе керекті Құран аяттарын қырқып алып дәлел ретінде көрсететің. Қазақ тілінде жазылған насихаттарын, сенімді түрде жазған етіп көрсетуге тырысып бағады. Себебі, ешбір БАҚ өкілдеріне сенбеуге шақырады. Сондағысы эпизод арқылы көрсетілетің жаңалықтарды жоққа шығарғысы келеді. Ресей федерациясына және «ДАИШ» экстремистік ұйымын мойындамаған мемлекеттердің бәріне өздерінің айыбтарын тағуда. Сондықтан да бүкіл әлеммен соғысуды көздейді. Бірақта, Марат Мауленовтардың айтуы бір басқа да, өздерінің ондағы күнделікті өмірі мүлдем басқа...

  Арнайы түрде осы ақпарларды растау үшін олармен тікелей сөйлесуді жөн санадық. Кейде жай қарапайым адам болып, тіпті оларды қолдайтын жан ретінде өзімізді көрсете білдік. Өйткені, ол жақтағы қазақтардың жағдайын білу керек еді. Зерттеу барысында, Марат Мауленов өз отбасымен бірге Сирияға кеткен. Және де екі ай бойы ондағы үкімет әскеріне қарсы соғыстарға қатысқан. Өзің алдыңғы қатардағы қарапайым штурмовикпін деп таныстырды. Шекарадан өту кезінде жәрдемдескен Дағыстандық бір азаматқа 21 жастағы қызын күйеуге беріпті. Өзінің жасы 46-да және аталған ұйымдарының көсемін де сол жаста деп таныстырды. (Абу Бакр аль Багдади) Ондағылар оны қурайыш руынан деп есептейді. Айтуына қарағанда өте қарапайым жан, тіпті қонаққа шақырса да келетінін айтады. Ондағылар бір-бірімен орыс және араб тілдерінде қарым-қатынас жасайды екен. Ал, өзінің үш баласы соғысып жүрсе керек. Өзі соғысқа кеткендерге жәрдем беру үстінде. Алматылық бір жігіттің қаза болғанын айтып, өзінің де соғысқа қатысып, қаза болғысы келетіндігін жазды. Әйелі өзімен жасты. Екінші әйелді араб ұлтынан алғысы келетіні, баласын Атыраудан барған бір қызға үйлендірмекші екендігін бізге ғаламтор арқылы ақпарларын беріп жүрді. Қазығұрттықтардың ютуб порталынан таралған үндеуі елімізді қайран қалдырғаны сөзсіз. Себебі, сондағы бірінші сөйлеген-Марат Мауленов болатын. Жалпы, Марат Мауленовтың бір қызы және бес ұлы бар көрінеді. Өзінің суреттерінде Пальмира қаласындағы кездерін көреміз. Екі жыл содырлардың қолында болып, үкімет әскерінің қайтадан қайтарып алған қаласы. Бұл қаладан өзіде айырылып қалғандарын мойындайды. Және Ливия, Ауғанстан т.б. жерлерді басып алуға күш салып жатқандығын жазды. Муаммар Каддафидің билігі құлаған соң, «ДАИШ» экстремистік ұйымы Ливия елінде де белен алып барады. Марат Шамский деген тағы бір парақшасы болған. Бірақта, тиісті орындардың көмегімен олардың парақшалары бұғатталып тасталынды.

  «Ассаламуалейкум Актюбинские ихва! Услышав ваши фидаи на пути Аллаха мы братья из Даулии безмерно обрадовались...» деген жазбаларды Марат Мауленов басқа да парақшалары арқылы таратты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбедегі жағдайдың діннен емес екендігін анық айтты. Және еліміздің көптеген зиялы қауым өкілдері, бұл жағдайды қатты сынға алған болатын. Артынша бұл оқиғаға Сириядағы бір белсенді адамның үндеуі арқылы жасалғаны айтылған. Мүмкін, Марат Мауленовтардың араласуынан болар?.. Тыныш жатқан еліміздегі діни араздықты қоздырып, халықты мемлекет адамдарына қарсы қоятын, негізсіз жихадқа шақыратын үндеулер таратқандығы айғақ болса керек. Кейбір жастарымыз оларды қолдап, тіпті «ұнату» белгісін басқандарын жасырмағанымыз дұрыс-ау!? Себебі, олардың үндеуі өте шебер жазылған. Орыс тілі және қазақ тіліндегі үнеулерін де әрбір сөздеріне мән береді. Бұл жазбаларды өзі жазса керек. Бізге өзінің айтуы бойынша. Және де суреттеріндегі дәулетті үйі, қымбат көлігі, балаларымен дәмді тағамдарды дайындап жатқан суреттерін де көреміз. Енді осыған кейбір жастарымыз сеніп, таяу шығыс елдерін арман етуі де мүмкін ғой!? Алайда, Марат Мауленов тұрып жатқан үйді сатып алған жоқ. Ол өз күшімен соғып, қабырғасын да тұрғызбады. Оны бар жоғы жергілікті халықтан тартып алған. «ДАИШ» ұйымы күшпен басып кіруі кезінде, миллиондаған босқынға айналған Сирия еліндегі азаматтарының байырғы жұмақтағы үйлері болатын. Міне, негізсіз алдау мен арбауға түспеуіміз үшін ғаламтор желілерінде абай болғанымыз жөн. Мұндай саяси соғыс пен дін атын жамылған ұйымдардан сақтанғанымыз абзал. БҰҰ ұйымы мен ҰҚК «ДАИШ» экстремистік  және лаңкестік ұйымын өз аумақтарында тиым салғандығын білеміз. Бейбіт күнде өмір кешіп жатқан Ирак пен Сирия мемлекеттерін басып алған содырлардан не күтпекпіз? Олардың да нені аңсайтыны белгілі. Тәуелсіз қазақ даласындағы тату күннің заманын көре алмайтын ұйымдардың мақсаты осы. Мұндай жалған жихад үндеулеріне сенбеуге, жастарымызды ермеуге шақырамыз. Бүгінгі жетістіктерімізден өзіміз айырылып қалмауға жол бермейік?.. Тәуелсіз еліміздің тірегі, жастарға, айтарымыз осы?!

Қадірәлі САРЫПБЕК

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары