Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Періштенің дауысы
12 желтоқсан, 2015 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Жаңбыр жауардан бұрын немесе жауынмен қатар күн күркірегенде шығатын дыбыс ол – періштенің дауысы. Ғалымдар найзағай туралы анықтама бергенде, найзағаймен атмосфераның түйісуі нәтижесін осындай күркіреген дыбыс пайда болады дейді. Ал, кейбір анықтамаларда найзағай болғанда ауа қысымының 30 000 С көтерілуі нәтижесінде күн күркірейді дейді. Найзағай болғанда атмосферада зарядтар жиналып, оның температурасы 30 мың градусқа дейін жететіні рас. Бірақ, сол кезде шығатын дауысқа оның еш қатысы жоқ. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) күн күркірегенде: «Мақтауына ие болған пәк болсын» деп, бұлай айту себебін: «Шындығында күнннің күркіреуі – қойларына айқайлаған қойшы секілді жаңбырға айқайлаушы періштелер» деп түсіндірген екен. (Сахих әл-Адаб әл-Муфрад). Кішкентай балалар қорықпасын деп кейбір кісілер күн күркірегенде аспанда екі періште төбелесіп жатыр, қылыштары айқасқанда осындай дауыс шығады деп жұбатады екен. Тіпті, бала кезден естігенім бар, шайтан мен құдай ұрысып жатыр, құдай шайтанды осылай қуып жібереді деп. Неткен қателік десеңізші.


Біздің айтпағымыз бұл емес, шындығында күннің күркіреуі Алланың керемет құбылсы екенін анық дәлелдермен жеткізу. Сөзімізді мына хадис те растайды. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Иудейлер Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, күннің күркіреуі туралы сұрады. Ол: «Бұл Алланың бұлттарға жауап беруші періштесі. Оның қолында оттан қамшы бар, сонымен ол Алла үкім берген жаққа қарай бұлттарды бағыттайды» деді. Олар: «Ал, біз еститін не дауыс?» деп сұрады. Ол: «Періштенің дауысы» деп жауап қатты. Олар: «Сен расын айттың» деді. (ас-Сахиха 1872). Осы жоғарыда келтірілген хадистерге Жалалайн тәпсірінің бірінші томында мынадай анықтама беріліп кетеді. «Бақара» сүресінің 19-аятында кездесетін «раад» сөзі «өкіл періште немесе оның дауысы», яғни «бұлттан естілетін періштенің дауысы» деп айтылған. (Жалалайн тәпсірі, І-том, 6-бет). Олай болса, өзіміз біліп, білмегенге үйретіп, дұрысын айтып жүрелік. Күн күркіреп, қатты дауыс шыққанда бала қорықпауы үшін, оған әдемілеп жеткізген абзал. Мысалы, «Періштелер, бұлттарды біз жаққа айдауда. Кішкентай балақайлар тәтті жеміс жеу үшін жерге шөп шығып, жеміс-жидек өссін деп жауынды осы жаққа жауғызуда» деген секілді.


Кәусар Сабыр


«Жанқұтты би» мешіті, Шет ауданы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары