Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАР (ﷺ) АЙТАДЫ: «БҰЛ ДҮНИЕ МҰСЫЛМАННЫҢ ТҮРМЕСІ, КӘПІРДІҢ ЖӘННӘТІ»
16 қараша, 2020 жыл 2561 Басып шығару нұсқасы

Хафиз ибн Хажар Аласқалани Мысырдың қазиы болып тұрған уақытында, әдемі киінген, жақсы атқа мінген, жан-жағында шәкірттерімен бірге келе жатады.Бір уақытта үсті-басы май-май болған базарда май сататын яхуди жүгіріп келіп, Аласқаланидің атын тоқтата бере, тізгінінен ұстайды да «Аласқалани, сенің Пайғамбарыңның айтқан бір сөзі бар, соның түсініктемесін ешкімнен ала алмадым. Соны маған түсінідіріп берсең, сенің жауабыңнан жүрегім қанағат тапса, мен сенің қолыңнан иман келтірейін»,- дейді. Ілімнің ләззатын татқан өз заманының ғұламасы Аллаға құл, Пайғамбарға () лайықты үммет болып, Алла мен Алла елшісінің () сөздерін мәресіне жеткізіп, түсіндіре білген Аласқалани «сұрағыңды қой» дейді.

Содан яхуди былай деп сұрақ қояды: «Сенің пайғамбарың «Дүние мүмін үшін түрме, ал кәпірдің жәннәті» дейді. Енді сен қарашы, ең әдемі киімді сен кигенсің, жақсы атқа сен мінгенсің, қасыңда қызметіңе дайын шәкірттерің бар. Ішкен-жегенің артыңда, ал ендігісі алдында дайын, мен болсам таңертеңнен кешке дейін базарда үсті-басым кір-кір болып май сатамын. Бұл дүниеде сенің көргенің – рахат, менің көргенім – бейнет. Пайғамбарыңның сөзі қайда, ал біздің көргеніміз қайда? Мұның несі түрме, несі жәннәт болды? Осыны қалай түсіндіресің?»,-дейді.

Сонда кемеңгер Аласқалани: «Алланың мүмин пендесі үшін әзірлеген Жәннаты және ондағы рахат-ләззатыменен мүминнің бұл дүниеде көргенін салыстырсақ, мейлі қанша жақсы өмір сүрсе де, Жәннатқа қарағанда түрмедей. Ал кәпір үшін Алланың Тозақта дайындаған азабы кәпірдің бұл дүниеде көрген қай бір қиындығымен салыстырсақ та, бұл дүние ол үшін Жәннаттай болады» деп жауап береді.

Аласқаланидің жауабынан қанағат тапқан яхуди «әшһәду әл ла илаһа иллаллаһ уә әшһәду әннә мұхаммадән абдуһу уә расулух» деп иман келтіріп,мұсылман болған.

Мысалы, түрмеге түскен адам, түрменің заңына толықтай бағынады. Тұр деген уақытында тұрып, жат деген уақытында жатып, істе деп бұйырған затын істеп, істеме дегеннен тыйылады. Сол қамаудағының жетістігі –түрменің үкімдеріне толықтай бағынғанында. Дәл солай, мұсылман адам бұл дүниеде Алланың әмірін бұлжытпай орындап, Раббысының қалауымен өмір сүріп, Алланың шариғатына мойынсұну арқылы Жәннатта өз қалауымен өмір сүруге мүмкіндік алады. Ал кәпір адам бұл дүниеде өз қалауымен өмір сүріп, Аллаға күпірлік қылады және әмірін қайтсін? Осылайша бес күндік дүниесін Жәннаттай көріп, мәңгі дүниесін Тозаққа айналдырады».

(с) Ұстаз Айбек Омар

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары