Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ШАРИҒАТ БОЙЫНША БАЛЫҚ АУЛАУ
21 шілде, 2016 жыл 2080 Басып шығару нұсқасы

БАЛЫҚ АУЛАУ ТУРАЛЫ ИСЛАМ НЕ ДЕЙДІ? ҚАНДАЙ БАЛЫҚТЫ ЖЕУГЕ РҰҚСАТ ?

Шариғат заңы бойынша, балық аулау, аң аулаушылық сияқты рұқсат етілген. Оны азық ретінде жеуге де, ойын ойнау мақсатында не болмаса сатуға, сыйлыққа тартуға, қайырымдылық ретінде беруге де исламда рұқсат етілген. Құран Кәрімде: Сендерге теңіз аңы және оны жеу халал қылынды. Сендерге әрі жолаушыларға пайдалы. Және сендерге ыхрамдағы мезгіл бойынша құрлықтың аңы арам қылынды. Алдына жиналатын Алладан қорқыңдар. (Мәида сүресі, 96 аят), Басқа бір аятта: «Және қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар» (Мәида сүресі, 2 аят) ,– делінген. 

Балықтың барлық түрін, тек сыртқы факторлардың әсерінсіз табиғи жағдайда суда өліп қалғандардан басқасын жеуге болады. Егер де сыртқы әсерден: температура(ыстық, суық), тасқа соғылып, мұзға қыстырылып қалып, ауға оралып немесе толқынмен жағаға шығып қалып өлген болса ондай балық – халал.  

ЕРМЕК ҮШІН БАЛЫҚ АУЛАУДЫҢ ҮКІМІ

Егер балыққа қажеттілік тумаса, құр ермек үшін аулау – ол исламда құпталмайтын іс-әрекеттерге жатады («Мавсуату әл-Факихияту», 115/28). Өйткені ислам – рахмет пен мархаматқа негізделген дін. Ол жер бетіндегі күллі жаратылысқа шапағатпен, мархаматпен қарауды, Алла жаратқан жаратылыс пен көркемдікті қорғап қалуды бұйырады. Сондықтан да ешбір пайда бермейтін не мүддеге жеткізбейтін, тек хайуандарды қинап, аң аулаумен көңіл көтеру Ислами ережелерге сай келмейді. Расында, Пайғамбарымыз ﷺбылай деп ескерткен болатын: «Кімде-кім бір торғайды бостан-босқа өлтірсе, ол құс қиямет күні Аллаға «О, Раббым! Пәленше адам еш пайданы көздемей, мені бостан-босқа өлтірді!» деп шағымданады» (Шәуқани, а.а.ш. VIII, 155-156).  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары