Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұлбұлдың арманы
22 желтоқсан, 2015 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Намруд деген залым патша Ибраһим алейһиссаламды отқа тасаған кезде бүкіл періштелер, жануарлар және құстар жылай бастады және айналасына жиналып Ибраһим алейһиссаламға бір көмек берудің шарасын іздей бастады. Бұлардың ішінде кішкентай ғана бұлбұлдың балапаны да бар еді. Өзін отқа тастайын деп тұрған сәтте Алла Тағала Жәбірейіл алейһиссаламға әмір етіп, былай бұйырды:


* Ол құсты ұста және қандай тілегі барын сұра.


Жәбірейіл алейһиссалам құсты ұстап не қалайтынын сұрағанда:


–Халлиуллаһты отқа тастап жатыр. Оны құтқару қолымнан келмейтінін біліп тұрмын. Еңболмаса онымен бірге жанайын.


Жәбірейіл аллейһиссалам құстың жауабын Алла Тағалаға айтқанында былай бұйырды:


* Ол құстың менен қандай тілегі бар? Сонда әлгі бұлбұл тілегін былай білдірген екен.


* Менің дүниеде Алла Тағаланы зікір етуден басқа тілегім жоқ. Мың бір аты бар деп естідім. Жүз бір есімін білемін. Тоғызжүз есімін де білгім келеді.


Хақ Тағала құстың тілегін орындайды. Қазір бау-бақшаларда сайрап жүрген бұлбұл Алла Тағаланың есімін айтуда.


Намрудтың оты Ибраһим алейһиссаламға гүл бақшаға айналғанда бұлбұл келіп гүл ағашына қонып сайрай бастады. Сол кезден қияметке дейін гүл ағашына ғашық болды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары