Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Нәпсі мен ақылдың күресі
24 желтоқсан, 2015 жыл 286 Басып шығару нұсқасы

Мәлік ибн Динар: «Мен бірде балшықпен ойнап отырған баланың қасынан өттім. Әлгі бала бірде күліп, бірде жылап отырды. Мен оған амандаспақшы болдым. Бірақ менің тәкаппарлығым амандастырмады (Жасы үлкендер емес, кішілердің бірінші болып амандасқаны дұрыс деген оймен). Соңында мен бәрібір тәкаппарлығымды жеңіп, жас балаға амандасуға бел будым»-дейді.


Сонда әлгі бала: «О, Мәлік ибн Динар! Алла саған разы болсын!»-дейді.


Мәлік бин Динар: «Мені бірінші рет көріп тұрсың. Менің есімімді қайдан білдің?»-деп сұрайды.


Бала: «Алла маған білдірді»-дейді.


Мәлік ибн Динар: «Нәпсі мен ақылдың арасында қандай айырма бар?»-деп сұрайды.


Бала: «Нәпсі – бұл саған бастапқыда бірінші болып амандасуға тыйым салған дүние, ал ақыл – сені соңында сәлемдесуге көндірген дүние»-дейді.


Мәлік ибн Динар: «Сен неге балшықпен ойнап отырсың?»-деп сұрайды.


Бала: «Себебі біз осыдан жаратылдық және соған жерленеміз»-деп жауап қатады.


Мәлік ибн Динар: «Неге сен балшықпен ойнап отырып бірде күліп, бірде жылайсың?»-дейді.


Бала: «Алланың жазасы есіме түскенде жылаймын, ал Оның мейірімі есіме түскенде күлемін»-дейді.


Мәлік ибн Динар: «Бірақ сен тым жассың әрі бейкүнәсің, сонда неге жылайсың?»-дейді.


Бала: «О, Мәлік ибн Динар! Мен анам от жаққанда ағаштың үлкен бөліктерін емес, алдымен кішкентай бөліктерін отқа салатынын байқадым»-дейді.



Қорытынды:


Бала жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып үлкен парасаттылық танытады. Бұл мысалдан біздің ұғатынымыз – әр мұсылман бауырымызға амандасып жүрудің қажеттілігі. Нәпсі бізді жамандыққа, зұлымдыққа шақырса, ақыл жақсылыққа жетелейді.  Балшықтан жаратылғанымызды және соған көмілетінімізді әсте естен шығармаған абзал. Біз ажал туралы көп ойлай бермейміз. Бұл мысал күнә мен сауаптың жас-кәрі деп бөлінбейтінін, таразыға тартылғанда адам жасы ескерілмейтінін, ажалдың алар адамын жасына қарап таңдамайтынын түсіндіргендей.



Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары