Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
23 маусым, 2021 жыл 5093 Басып шығару нұсқасы

Сахабалар Пайғамбарымызға (ﷺ) бір кісінің жақсылықтарын әңгімелеп отырғанда, сол мезет әлгі адамның өзі шыға келеді. Сахабалар: «Сізге мақтап жатқанымыз – осы кісі», - дейді. Алайда, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Мен оның жүзінен қарауытқан шайтани нәрсе көріп тұрмын», - деп жауап береді. Әлгі кісі сәлем беріп қасына келгенде, Алла елшісі (ﷺ): «Әй, пәленше, Құдай үшін айтшы, нәпсің іштей «сен ең жақсы адамсың» деп жатыр ма?» - дегенде, ол «Иә» деп мойындаған екен.

Міне, қараңыз, нәпсі адамның бойына көптеген қасиеттерді жақындатып, жаман әдетті сіңіртеді. Мақтаншақтық, тәкаппарлық секілді мінездер адам бойынан әсте табылмауы қажет. Бірақ, біздің қоғам одан едәуір алшақта. Адамдар тіпті, баланың бойына осы қасиеттерді өздері әдейі қалыптастыратын секілді. Әдемі киім кигізіп, асыра сілтеп мақтайды. Далада мүсәпірді кемсітіп, одан бойын алшақ ұстауға дағдыландырады. Осы секілді бізге бірқалыпты көрінген, бірақ әдепке жат қылықтар жас баланың бойына нәпсіқұмарлықты, нәпсіге еруді, тіпті нәпсінің құлы болуды қалыптастырады.

Алла тағала ақылды жаратқанда, оған: «Әй, ақыл, бері қара!» - деп бұйырады. Ақыл қарағанда, «Мен кіммін? Сен кімсің?» деп сұрайды. Ақыл: «Сен құдыретті Жаратушысың, мен жаратылған мақұлықпен», - деп жауап береді. Алла тағала бұл жауапты естігенде, «Әй, ақыл, сенен асқан абыройлы нәрсе жаратпадым», - дейді. Ал, нәпсіні жаратқан кезінде, оған да: «Әй, нәпсі, бері қара!» - деп бұйырады. Бірақ, нәпсі қарағысы келмейді. Алла тағаланың: «Мен кіммін? Сен кімсің?» деген сұрағына: «Сен сенсің, мен менмін» - деп тәкаппарлана жауап береді. Бұны естігенде Алла тағала оны тозаққа салып жазалайды. Жүз жылдан кейін шығарып алып, әлгі сұрақты қойғанда, ол баяғы қырсық жауабынан танбайды. Алла тағала енді оны аштықпен жазалайды. Жүз жылдан кейін шақырғанда, ол өзінде ешқандай құдырет жоқтығын мойындап: «Сен менің Жаратушы иемсің, мен сенің әлсіз құлың екенмін», - деп жауап береді. Алла тағала осыдан кейін нәпсіні тәрбиелеу үшін оған ораза ұстауға міндетті қылады.

Біздің қазіргі түсінікте нәпсіні тәрбиелеу үшін, адам өз бойындағы жаман қасиеттерді байқап, соны жөнге салуға тырысуы қажет. Нәпсіге ермеу осы тұстан басталады. Айша анамызға р.а. бір кісі келіп: «Адам өзінің жақсы адам екенін қалай біледі?» - деп сұрағанда, «Өзін ең жаман адаммын деп қабылдағанда» деген жауап естиді. «Ал өзінің жаман екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жақсы адам санағанда» деген жауап естиді.

Яғни, біз сыртқы ортаның өзімізді асыра сілтеп мақтауына ермей, адам өз бойындағы жаман қасиеттерді көре білсе, бұл да нәпсінің шектен шығуына кедергі болмақ. Асыра сілтеуді реттеу бір қалыптылықты ұстап тұрады. Рияға алып баратын қасиеттерді көргенде, нәпсіні жеңсе, іштегі иман күшейіп, адам бойынан қарапайымдылық, адамгершілік пен ізгілік көрініс табады. Ал, адам кейбір жаман қасиеттерді - қатыгезбін, ақылым аз, көріксізбін, иманым әлсіз деген секілді ойларды жеңу күпірліктен сақтайды. Күпірлік пен риядан сақтайтын басты амал, өз бойындағы қателіктерді мойындап, нәпсіні жеңуден басталмақ! Ал, нәпсіні жеңетін жол – ораза екен. Ол физиологиялық және рухани тұрғыда қатар жүргенде ғана адамзат баласы нәпсіні жеңе ала

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары