Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖҮРЕГІ ҰРЛАНҒАН ҰРЫ
12 қараша, 2020 жыл 1140 Басып шығару нұсқасы

Күндердің бір күні атышулы ұры әдетіне басып үй тонамақ болады. Бұл жолы ол дініне берік, тақуа кісі Малик ибн Динардың үйіне түседі. Жан-жағын біраз тіміскілеген ол, дорбасын қампитар еш нәрсе таппайды. Бір сәтте артына бұрылып қараса, Малик ибн Динар намаз оқып жатыр екен. Құлшылығын аяқтап, көңілі жайланған Малик ұрыға сәлем береді. Амандасқаннан кейін оған былай дейді:

  • Сен қызылды-жасылды дүниеге бола осында келдің, бірақ, іздегеніңді таппадың. Олай болса сенен бір нәрсе сұрайын, ақыретке жиғаның бар ма?, – дейді.

Ұрлықшыға бұл сөз төбесінен жай түскендей әсер етеді. Сол мезетте-ақ қатесін түсінген ол Маликтің алдына тізесін бүгіп отыра кетеді. Малик ибн Динар уағызын әрі қарай жалғастыра береді. Кейін ұры сабасына түсіп, Алланың нығметінен, ақыреттік амалдардан мақұрым қалып жүргенін түсінеді.

Ұзақ әңгімеден кейін екеуі мешітке келеді. Бұларды көрген халық аң-таң. Үлкен ғұлама, ғалым кісі мен атышулы ұрлықшы қалайша бірге жүр? Бұларға не болған?,  – деген сияқты желөкпе сөздер желдей еседі. Ақыры жамағат мұның сырын Малик ибн Динардың өзінен сұрауды жөн көреді. Сонда Маликтың берген жауабы:

  • Ол бізді ұрлауға келген еді, шын мәнісінде біз оның жүрегін ұрлап алдық, – деген екен.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары