Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚИЯМЕТТІҢ КІШІ БЕЛГІЛЕРІ
17 тамыз, 2016 жыл 3458 Басып шығару нұсқасы

Хазіреті Пайғамбарымыздан  ﷺ  қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Алла біледі», - деп жауап беретін. Десек те, Пайғамбарымыз  ﷺ  ақырзаманның уақытын айтпағанмен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынадағы ғибраттарды кездестіруге болады.

Хазіреті Пайғамбарымыздың ﷺ хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

1. Хазіреті Мұхаммедтің  жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қияметпен мен бірге жіберілдім», деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).

 2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари риуаяты).

3. Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25)

4. . Расулуллаһ  ﷺ  сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», - дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», - дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», - деп жауап береді (Бухари риуаяты).

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік. Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз адамдар арасында мынадай жайттардың етек алатындығынан хабар береді.

1. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды.

2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды.

3. Аманатқа қиянат етеді.

4. Харам нәрселерді халал деп санайды.

5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді.

6. Пара алушылық көбейеді.

7. Зәулім үйлер салынады.

 8. Дүниеге қызығып, дінін сатады.

9. Туыстық қатынастар үзіледі.

10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады.

11. Жастардың үкімет басына келуі.

12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі.

13. Ерлі - зайыптылардың ажырасуы көбейеді.

14. Зина жасау етек алады.

15. Сенімді, адал кісілерді опасыз адамдай көреді.

16. Опасыз, өтірікші кісілер сенімді халге келеді.

17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді.

18. Жауыннан апаттар, селдер болады.

19. Зекет берілмейтін болады.

20. Ішімдік ішу көбейеді.

21. Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады.

22. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады.

23. Құран оқитын пасық және күнәһар хафыздар болады.

 24. Жағымсыз ғалымдар болады.

25. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады.

26. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады.

27. Мұнаралар биік болады.

28. Бастықтар көбейеді.

29. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды.

30. Сенімді кісілер азаяды.

31. Кедейлер көбейеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары