Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚАРҒЫСҚА ҰШЫРАП ЖҮРМЕҢІЗ...
18 тамыз, 2016 жыл 702 Басып шығару нұсқасы

Күллі әлемді нұрға бөлеген Пайғамбарымыздың (ﷺ) үмбетіне деген сүйіспеншілігі шексіз еді. Екі дүние сардары (ﷺ) адамдарды өздеріне зиян әкелетін қандай да бір жамандықтан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар сондай күнәлардың кейбірін бөле жара алып, оны жасаған қарғысқа ұшырайтынын ескертті. Олар:  

ӨСІМҚОРЛЫҚ

Пайғамбарымыз (ﷺ) өсімқорларды қарғады. Алла елшісі (ﷺ) «үстемедан ас ішкен және сонымен басқаларды тамақтандырғандарды қарғыс атсын», - деді. (Әбу Дәуід)

 Әбу Дәуідтің жинағында осы хадистің жалғасы «өсім алуға куә болған және жазып отырған да (құжаттарды тіркеумен айналысатын адам)» деп айтылған.

ФИТНА

Іріткі салып, бүлік шығарған адам қарғысқа лайық. Пайғамбарымыз (ﷺ)  «Алла Тағала бүлікті шығарған адамды лағынеттесін» деді.

ҰРЛЫҚ

Пайғамбарымыз (ﷺ) Алла Тағаладан ұрлық жасағандарды мейірімділігінен айыруды сұрады. Ол «кімнің бір жұмыртқаны, бір жіпті ұрлауға қолының ұшы тисе Алла Тағала оларды қарғасын», - деді.  

Бұл хадистен түсінгеніміз бағалы, құнды затты былай қойғанда, көзге көрінгісіз жіптің өзін ұрлау – күнә.

ЖАСАНДЫ ШАШ ПЕН ДЕНЕГЕ СУРЕТ САЛУ

Алла елшісі былай деді: «Алла Тағала жасанды шаш (парик) киген және оны басқаға кигізген, денесіне сурет (татировка) салдыртқан және біреуге салып берген адамды лағынеттесін». (Бухари, Либас 86, Тыбб 36; Муслим, Либас 119)

Сонымен қоса Пайғамбарымыздың қарғысына қалдыратын күнәлі істердің бір тобы гомосексуализм, зоофилия, жыныс мүшесін ауыстыру, ішімдікқұмарлық және алкогольді ішімдікке қатысты барлық нәрселер.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары