Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«ҒАЛЫМ мен ТАҚУА: ҚАЙСЫСЫНЫҢ ДӘРЕЖЕСІ БИІК?»
26 тамыз, 2016 жыл 563 Басып шығару нұсқасы

Бір ананың хатынан үзінді:

«Ұлымды балабақшаға апарып жүргенде күнде таңертеңгілік сүрелерді айтып баратынбыз. 3-4 жасында «Фатиха», «Ықылас», «Нас», «Фалақ» сүрелерін еркін меңгеріп алды. Кейіннен жұмысқа шығып кетіп, баланы асыға-аптыға бақшасына, одан мектепке бердік. Күйбелең тіршілік деп жүргенде ұлым сүрелерді толықтай ұмытып қалыпты. Енді Құранды жаттау қиынға соғарын ұқтым...

2-ші сыныбында мешітке ұстазға бердім. Мешітке барып, әріптерді тез меңгеріп, екі аптаның ішінде бірнеше аятты тез жаттап алды. Тіпті, өзі таңырқап: «Анашым, қалайша мен тез жаттап аламын, 2 рет оқысам болды, миыма қона салады?!» деп қуана таң қалатын. Оның себебін мен 3-4 жасында жатталған Алланың сөздері миында сақталып қалған екен деп ұқтым», - деп жалғаса береді.

Осылай хат қалдырған мешіт шәкіртінің анасы, бала кезде алған білім ешқашан жоғалмайтынын айтып, аналарға сәлемін жолдады. Расында, ерте алынған білім санада сақталып қалса керек. Дүние, атақ, абырой барлығы да уақытша нәрсе. Алланың кереметтерін ұғынып, ілім іздену үлкен сауапты іс. Бізге жеткен хадистерден білім алудың аса маңыздылығына көз жеткіземіз. Білімнің әсте естен кетпейтіні мен білімдінің дәрежесін айқындайтын екі хадисті келтірелік:

«Язид ибн Үмәйра (р.а.) жеткізген екен:

Сахабалардан Муаз ибн Жәбәлдің (р.а.) әл үстінде жатқан кезі. Жұрт тегіс жиналып жылап отырады. Муаз (р.а.) олардан: «Неге жылайсыңдар?», - деп сұрайды. Олар: «Сенімен бірге кететін ілімді жоқтап жылаймыз», - дейді. Сонда Муаз (р.а.) оларды жұбатып: «Ілім мен иман жоғалмайды, қияметке дейін қалады. Кім ізденсе, бұл екеуін табады. Бұлар Құран мен сүннетте тұнып тұр. Ілімді басқадан емес, Омар, Осман, Әлиден (р.а.) алыңдар. Ақиқатты кім айтса, мойындаңдар. Өтірікті кім айтса, одан бойларыңды аулақ салыңдар», - деп айтқан екен.

Білімдінің дәрежесі турасында да көптеген хадистер бар. Ілімді адам оқ бойы озық тұратыны жасырын емес. Алла тағала білімдіге осы дүниеде ақ құрмет көрсетіп, дәрежесін өсіріп қойған. Бұл дүниеде ғана емес, оның дәрежесі Алла алдында да озық болмақ.

Бір кісі: «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?», - деп сұрағанда, Алла елшісі (ﷺ): «Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі, екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма? Алла, періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді» - деді де мына аятты оқыды: «Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаға лайық түрде құрмет көрсетеді» («Фатыр» сүресі, 28-аят).

Ілімнің қайнар көзі – Құран. Құран оқуды үйрену әсте қиын емес. Нәпсіні жеңіп алғашқы қадамдарды жасаған адамға, Алла оның жолын ашып қояды. Ал кімге білім берілсе, оған көптеген игілік берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады. («Бақара» сүресі, 269-аят).

 

Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары