Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ОТБАСЫ ЖАЙЛЫ ОН ХАДИС
23 маусым, 2021 жыл 13665 Басып шығару нұсқасы

 

  1.  «Мына дүниенің жалғандығы – ол өткінші бір өмір ғана. Өткінші өмірдегі қолдануға берілген жақсылық – ол салиқалы, жақсы әйел».
  2. Жанұяңыз үшін нені сарп қылсаңыз да, оның сыйын аласыз, тіпті ол әйеліңіздің аузына қолыңызбен салған бір тілім ас болса да» .
  3.  «Шындығында, Қиямет күні Алланың алдында дәрежесі төмен адам, ол ері әйелімен сырласса және әйелі ерімен сырласса, кейін екеуінің бірі жұбайының сырын басқаларға таратып қоятыны».
  4. «Ері мен әйелі бір-біріне сүйіспеншілікпен, мейіріммен қараса, Алла Тағала да оларға сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарайды».
  5. «Әйелдерге жақсы қараңдар. Өйткені әйел заты қабырғадан жаратылған. Ал қабырғаның ең қисық жері – жоғарғы жағы. Егер оны түзеймін десең, сындырып аласың. Ал тиіспей қойсаң, сол қисық қалпында қалады. Сондықтан әйелдерге жақсы қараңдар».  
  6. «Әйелмен қарым-қатынас жасауда Алладан қорқыңдар! Шындығында, Алла оларды сендерге аманат етті және оларды алар кездеріңде сендер Алланың атымен ант еттіңдер».
  7. “Сендердің ең жақсыларың – отбасы мүшелеріне жақсы мәміледе болғандарың...”
  8. Әйел бес уақыт намазын оқып, ар-намысын қорғап, еріне бағынса  жәннаттың қалаған есігінен кіреді.
  9.  «Өзiң жегенiңнен жегiзу, өзiң кигенiңдi кигiзу. Және оның бетiнен ұрма, сондай-ақ балағаттап жаман сөз айтпа! Үйiңнен тыс орында дауысыңды көтерiп ұрыспа!»
  10. Әйеліне бір мәселені үйреткенге  жетпіс жылдық  құлшылық сауабы беріледі.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары