Қоғамдық көлікте екі студент әңгімелесіп отыр. Сөздеріне еріксіз құлақ түруге тура келді...
Осылай екі құрбының әңгімесі жалғаса берді...
Біз ата-анамызға лайықты құрмет көрсетіп келеміз бе? Өкініштісі, жастардың арасында әке-шеше қамқорлығын олардың міндеті деп түсінетіндер баршылық екен. Осындай кездерде асырап баққан ата-анаға деген құрмет пен қамқорлық ұмыт қала береді.
Бір сахаба Алла елшісінен (ﷺ): «Алла жолында қызмет еткім келеді. Бірақ ешнәрсе істей алмаймын», - деп сұрапты. Пайғамбар (ﷺ) одан: «Сенің ата-анаң тірі ма?» - деп сұрайды. Ол: «Анам тірі». Сонда Алла елшісі (ﷺ): «Онда анаңа құрметіңді ешқашан тоқтатпа. Оның разылығын алатындай амалдар істе. Осылай істесең, сен үлкен қажылық жасағандай сауап аласың немесе умра қажылығындай сауапқа кенелесің. Сенің анаңа еткен сый-құрметің Алла жолында құрбан болған шахидтердің дәрежесіндей үлкен болмақ. Анаңа қызмет ет, оның разылығын ал және тура жолда бол!», - деп жол көрсетті (1).
Алланың мейірімінің шексіздігін байқатар осы хадис, әркімге сабақ болар-ақ. Алла тағала құлдарына үлкен сауапқа кенелуге керемет мүмкіндіктер беріп қойған. Сол себепті пенде ата-анасы тірі кезінде осы мүмкіндікті пайдаланып қалғаны абзал. Абдуллах ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) келесі хадисін жеткізеді: «Егер кімде-кім ата-анасына мейіріммен күліп қараса, сол көзқарасының өзі «мабрур-қажылығын» өтегендей сауапқа кенеледі», - деген (2). Хадисте келген «мабрур-қажылық» сөзі пенденің дүниеге жаңадан келгендей пәк, күнәлардан тазарып қайтатын қабыл болған қажылығын айтады. Яғин, ата-анаға көрсетілген құрметті өз деңгейіне сай болып, Алланың алдында қабыл болған үлкен немесе умра қажылығына теңеп отыр. Осылайша, ата-анаға құрмет – пенденің күнәдан таза, көңілі ақ, жүрегі мейірім мен ізгілікке толы құлға айналуына себепкер етеді.
Ал, Сіз әке-шешеңізге қамқорлық жасап, мейіріммен қарап, күнде қуаныш сыйлап, құрмет тұтып жүрсіз бе?
1. Әбу Яла әл-Муснад, ат-Табарани
2. Әл-Мунауи. Файзуль-Кадир
Түкетаев Ардақ Әділханұлы
Ақтоғай аудандық орталық мешіттің бас имамы
Пікірлер