Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЗҮЛ-ХИДЖА АЙЫНЫҢ 10 КҮНІ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?
05 қыркүйек, 2016 жыл 1106 Басып шығару нұсқасы

1. Алла Тағала бұл күндерге серт берген

Раббымыз: «Ағарған таңға, Құрбан айының алғашқы он кешіне, Әр жұп пен таққа, Өткен түнге серт», -деген болатын. («Фәжр» сүресі, 1- 4 аят )

2. Бұл күндер, Алланы еске алу үшін берілген.

Құран Кәрімде: «Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер», - деген. («Хаж» сүресі, 28 аят).    

Ибн Омар және ибн Аббас (р.а.) сияқты дін ғалымдары аяттағы бекітілген күндер – Зүл-Хиджаның он күні деген.

 

3. Пайғамбарымыз он күнді осы өмірдегі ең керемет күндер деп куәлік еткен.

 

Жәбірден (р.а) риуаят етілген Алла елшісінің (ﷺ): «Бұл өмірдегі күндердің ең жақсысы – Зүл-Хиджа айының он күні»(Әл-Баззар, Ибн-Хиббан),-деген хадисі дәлел.

 

4. Арапа күні.

 

Арапа күні – үлкен қажылықтың ұлы күндерінің бірі. Күнәлар кешіріліп, тозақтан босатылатын күн.

 

5. Құрбандық шалынатын күн.

 

Зүл-Хиджа айының оныншы күні Құрбандық шалуымен ерекше. Пайғамбарымыздың (ﷺ) айтқанындай: «Алланың алдындағы ең ұлы күн – Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн» (Ахмад, Әбу Дәуіт).  

 

6. Бұл күндері ең маңызды құлшылықтар орындалады.

 

Әл-Хафыз ибн Хаджар «әл-Фатх» кітабында былай деп жазады: «Зүл-Хиджа айын айрықша етіп тұрғаны, мұнда басқа күндері кездестіре бермейтін намаз, ораза, ерекше мейірімділік пен қажылық сынды маңызды құлшылық түрлерінің барлығы біріккен».

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары