Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұғаны қалай қылу керек?
05 қыркүйек, 2016 жыл 1856 Басып шығару нұсқасы

Фәдалә ибн Убәйдтан (р.а.) жеткен хадис:

Бір күні Пайғамбарымыз мешітте отырған еді. Бір адам ішке кіріп, намазға оқуға тұрды. Намаздан кейін:

– Уа Раббым! Мені кешіре гөр! Рахметіңе бөлей гөр! – деп дұға ете бастады. Мұны байқап отырған Пайғамбарымыз әлгі адамды жанына шақырып:

– Тым асықтың, – деді де оған қалай дұға ету керектігін былайша үйретті:

– Намазыңды бітірген соң «Әлхамдулилляһ Раббил-аләмин!» деп бастап әуелі Әлемдердің Раббысы болған Аллаға мақтау-мадақ айт. Содан кейін «Уәссәләту уәссәлму алә Мұхаммәд!» деп маған салауат пен сәлем айт. Одан кейін қалауыңша дұға ет!»

Одан кейін мешітке тағы бір адам келіп, намаз оқыды. Намаздан соң Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат пен сәлем айтып бастады. Мұны да байқап отырған Пайғамбарымыз :

– Уа, намаз оқыған адам! Дұғаңды жалғастыр, сенің дұғаң қабыл болады. Алладан қалауыңды сұра! Қалағаныңды береді! – дейді (Тирмизи, Нәсәи, Әбу Дәуд).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары