Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЛАҒНЕТ ЛАҒЫП КЕТПЕЙДІ
13 қыркүйек, 2016 жыл 496 Басып шығару нұсқасы

Табиғиндерден болған Айдар ибн Жәруәл әл Хадрами былай дейді:

Әбу Умәйр әл-Хадрами – Абдуллаһ ибн Мәсғудтың жақын досы еді. Бір күні Ибн Мәсғуд досын зиярат етуге үйіне барды. Бірақ Әбу Умәйр үйде жоқ еді. Абдуллаһ ибн Мәсғуд Әбу Умәйрдің әйелінен рұқсат сұрап ішке кірді де, сәлем беріп, ішер сусын сұрады. Әбу Умәйрдің әйелі үйден ішерге ештеңе таппай, қызметшісін көрші үйге жүгіртіп жіберді. Қызметші кешіге бастады. Бұған шыдай алмаған Әбу Умәйрдің әйелі:

  • Алла лағнет етсін, кешікті ғой мынау, – деп қызметшісіне қарғыс айтты. Бұны естіп қалған Абдуллаһ ибн Мәсғуд сыртқа шығып кетті. Сол кезде Әбу Умәйр де келіп, сыртта тұрған Абдуллаһ ибн Мәсғудты көріп:
  • Әбу Абдуррахман! – деді досына, – Сен секілді жаннан қызғанушы ма еді, ішке кіріп, бауырыңның әйеліне сәлем беріп, сусын ішпедің бе? – дейді. Абдуллаһ ибн Мәсғуд та:
  • Айтқаныңдай қылдым. Бірақ, әйелің қызметшіні көршіден бірдеңелер алып келуге жіберді. Алайда, сұраған дүние көршіде болмады ма, әлде бола тұра бергісі келмеді ме, әйтеуір қызметші кешігіп еді, әйелің оған лағнет айтты. Мен Пайғамбарымыздан лағнет жайында былай дегенін естідім: «Кімде кімнің аузынан лағнет сөз шығатын болса, лағнет сөз айтылған адамға қарайды, егер ол адам айтылған сөзге лайық болса, соған барады, ал лайық болмаса, Аллаға: «Уа Раббым! Мені пәленшеге жіберді, алайды оның лағнетке лайық болмағанын көрдім», – дейді. Сол кезде оған: «Онда қайдан келсең, сонда қайт», – делінеді». Мен қызметшінің бұл лағнетке лайық болмай, лағнеттің кері қайтып келуінен және бұның бәріне себеп болуымнан қорықтым деді».

***

Демек, лағнетті жер де, көк те қабылдамайды екен. Лағнет лайығын табады. Қазақ сол себепті «жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады» деген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары