Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өз құпияңызды өзіңіз сақтаңыз...
13 қаңтар, 2016 жыл 204 Басып шығару нұсқасы

Кез-келген адамға көз тиетіні барлығына белгілі. Одан сақтайтын ең дұрыс жол – көзге түсе бермеген жөн. Алайда бүгінгі күні адамдар жасырынудың орнына барлық, рызық-несібесін біреуге көрсетіп, айтып қалғысы келеді. Кейде адам тіс жармайды ау деп, біреуге құпиясын жайып салады, ол келесі адаммен бөліседі... арада біраз уақыт өткенде әлгі құпия ортақ жаңалыққа айналады. Егер адам құпиясының ортақ болмауын қаласа, неліктен өзінде сақтамасқа?


Арабтарда мынадай ғибратты сөз бар екен:


«Сен біреудің сенім білдіріп айтқан құпиясын саған келіп жария еткен адамға, өз құпияңды айтпа. Өзің көріп тұрғаныңдай, біреудің аманаттаған жүрек сырын саған келіп жайып салған адам, сенің де құпияңды біреуге айтатыны шүбәсіз».


Құпия болмаса да Алланың саған берген нығметін көрсетіп немесе айтудың қажеті жоқ. Көз тимесе де кейбір жандардың, қызғаныш сезімін оятуы мүмкін. Ал қызғаншақтық – айықпас дерт. Қазғаншақтардың көңілінен шығу мүмкін емес. Сен ол адамға бұл саған Хақ тағаланың берген несібесі және оған көңілің толмай, кейіс білдіріуің, Алланың шешіміне наразылық білдіргенің деп ешқашан түсіндіре алмайсың.


Муфти, шейх Ахмад қажы өзінің «Благонравие праведников» атты кітабында:


«Дана адамдар қызғаншақ адамды жақсы қарым-қатынасқа үйретемін деп тырыспа, күшіңді сарп етпе, өйткені бұл мүмкін емес деді. Олар: «Қызғаншақтың ықыласын оятамын деп, өзіңді босқа қажытпа, ол бәрібір сенің жақсылығыңды қабылдамайды. Егер оның жаманшылығынан сақтанамын десең, өз жағдайыңды жасырып бақ. Өзіңнің қуанышың мен несібеңді көрсетпе» - дегенін айтқан.


Ал біз қалай жасап жатырмыз? Қуанышымыз бен бақ-дәулетімізді баршаға жария етіп, көрсеткенше асық боламыз. Оған қоймай әлеуметтік желілерге салып, барлық мессенджрлермен бөлісеміз. Ал оны әлгі сенің сыртыңнан қызғанып, көре алмай жүрген адам көретіні мәлім. Олар сіздің жақындарыңыз болуы да мүмкін. Сондықтан даналардың айтқанына құлақ асып, жаман-пәлекеттерден сақ болу үшін Алланың берген бақ-берекесін жаһанға жар салмай, шүкіршілік етейік.


Алла барлық жаманшылықтан қорғасын!


Марьям Муслимова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары