Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (ﷺ) ЖӘННӘТТІ УӘЖІП ЕТКЕН ӘЙЕЛ
26 сәуір, 2021 жыл 1815 Басып шығару нұсқасы

Бірде қасына екі қызын ерткен бір әйел Айша анамыздың үйіне келді. Тақыр кедей екендері көрініп тұр. Анамыздың өз үйінде де онша ештеңе жоқ еді, тапқан үш құрмасын әкеп ұстатты. Әлгі әйел екі құрманы қыздарына беріп  еді, қатты ашыққан олар құрмасын тез жеп тауысып, енді анасының қолындағы құрмаға қарады. Әйел ол құрманы да екіге бөліп қыздарының аузына тосты.

Айша анамыз осы көрген оқиғасын Алла елшісіне әңгімелегенде, Пайғамбарымыз мынадай сүйінші хабар айтты:

– Осы жасаған ісі үшін Алла Тағала ол әйелге жұмақты уәжіп етті немесе оны тозақтан құтқарады! 1

Ардақты елшіміздің: «Жарты құрмамен болса да өздеріңді тозақ отынан құтқарыңдар» 2 деген хадисі еске түседі осындайда. Осыны білген Айша анамыз да үйіндегі соңғы 3 құрмасын бере салды, әйел де балалары үшін  қолындағы соңғы құрмасын аузынан жырып берді. Екі кісіге де Алла Тағала разы болып, жұмақтың төрінен орын бергей!

  1. Мүслим, Бирр уә сыла 148 (2630); Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 6\92 (24655); Қараңыз: Әбу Нуайм, Хилиятул әулия 2\49.
  2. Бұхари, Зекет 8,9 (1347,1351); Мүслим, Зекет 68 (1016).

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары