Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) ПАЙҒАМБАРЛЫҒЫНА КУӘЛІК ЕТКЕН АЛҒАШҚЫ ХРИСТИАНДАР МЕН ИУДЕЙЛЕР
08 тамыз, 2019 жыл 1017 Басып шығару нұсқасы

Ең алғашқы болып Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне сенім келтіргендер кімдер?

Монах Бахира 

Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаяны туралы кітаптардан білетініміздей, Алла елшісі алғаш рет 12 жасында ағасы Әбу Тәлибпен бірге Сирияға жол жүреді. Керуен шіркеу жанына тоқтайды. Монах Бахира керуенді бақылап тұрып, ғажап оқиғаға куә болады. Керуеннің соңынан бұлт қалқып отырады. Ол керуен тоқтағанда тоқтап, қозғалғанда қозғалып отырады. Мұны көріп, Бахира керуендегілердің бәрін өзінің шіркеуіне тамаққа шақырады.  Мұхаммедтен басқасының бәрі шақыртуды қабыл алады. Мұхаммеді керуен мен малдарды қарап отыруға қалдырады. Бірақ монах келгендердің арасынан өзінің іздегенін таппайды.  Сол себепті ол, керуенде ешкімнің қалған-қалмағанын сұрайды. Мұхаммедтің қалғанын естіп, оны шақыртады. Баланы көрген ол Әбу Тәлибтен оның кімнің баласы екенін сұрайды. Әбу Тәлиб: «Бұл менің ұлым»-дейді. Бахира оған сенбейді. Әбу Тәлиб Мұхаммедтің әкесі ол дүниеге келгенге дейін қайтыс болғанын, өзінің оның ағасы екенін айтады. Сонда Бахира Әбу Тәлибті оңаша шығарып алып: «Сенің ініңнің болашағы жарқын. Сондықтан оны тездетіп үйге қайтар»-дейді. Бахира иудейлердің баланың соңғы Пайғамбар екенін, және өз тайпаларынан еместігін біліп, зұлымдық жасауы мүмкін екенін білсе керек. Бірақ ол, Мұхаммедті Алланың өзі қорғайтынын білмеген-ді. Оған келесі аят дәлел: «Алла сені адамдардың зұлымдығынан қорғайды». Әбу Тәлиб оның кеңесіне құлақ асып, тезірек кері қайтады.

            Бахирамен бірінші кездесу осылай аяқталады. Мұхаммед екінші рет онымен жиырма жасында кездеседі. Ол кезде оны өзінің болашақ жары Хадиша анамыз керуен басы етіп жіберген-ді. Бахира ол кезде қартайып қалған. Мұхаммедті көріп қуанған ол: «Сен Пайғамбар боласың. Егер мен сол күнге жетсем, саған қызмет етемін»-дейді. Бірақ Бахира Мұхаммедтің Пайғамбарлығы жарияланғанға дейін қайтыс болады. Бірақ оның Мұхаммедтің болашақтағы Пайғамбарлығы жөніндегі куәлігін айналасындағылардың естігені және көптеген кітаптарда жазылғанына күмән жоқ.

Варака 

Варака ибн Науфал христиан ғұламасы еді. Және Мұхаммедтің Алланың елшісі екеніне сенген екінші христиан.  Ол Меккеде өмір сүрген. Иврит тілін меңгерген және өз білімін Інжілден алған. Ол христиан болса да Мұхаммедтің жаңа Пайғамбар екенін бірден растаған. Мұхаммедке алғаш Пайғамбарлық түскенде жұбайы Хадиша (Мұхаммед Пайғамбардың жары және Вараканың немере қарындасы) Варакаға келіп мұның мәнін түсіндіруді сұрайды. Оны тыңдап болған Варака Мұхаммедке: «Бұл Алла Тағала Мұсаға жіберген періштенің өзі. Мен жас болғанымда, сенің халқың саған жәбір көрсететін күнге дейін өмір сүрсем жақсы болар еді»-дейді. Сонда Мұхаммед: «Адамдар маған жәбір көрсете ме»-дейді. Варака: «Иә, сенің келгеніңдей, басқалар келгенде де әрдайым онымен жауласқан. Бірақ мен сол күнге дейін өмір сүрсм, саған мүмкіндігімше көмектесемін»-дейді. Бірақ көп ұзамай Варака қайтыс болады.

Абдулла ибн Салам 

Абдулла ибн Салам был иудей ғұламасы болған. Ол өзінің Исламды қалай қабылдағаны жөнінде: «Алла елшісі Мединеге қоныстанғанда барлығы сияқты менде оны көруге бардым. Елшінің маңайында көп адамдар болды. Бірақ мен оны өз көзіммен көрген соң оның өтірікші емес екенін түсіндім. Менің оның аузынан естіген алғашқы сөзім мынадай еді: «О, адамдар! Өзара сәлемдесіңдер, кедейлерді тамақтандырыңдар, туысқандық байланысты үзбеңдер, адамдар ұйықтап жатқан уақытта түнгі құлшылық жасаңдар, сонда Жұмаққа кіресіңдер»-дейді.

Сол кездегі иудей ғұламалары Алла елшісінің сипатын жақсы білген. Бірақ олардың өзімшілдігі оған сенім келтіруге кедергі болған. Бірде халиф Умар ибн әл-Хаттаб Абдулла ибн Саламнан: «Сен Алла елшісін өзіңнің балаларың сияқты жақсы білдің бе»-деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Салам: «Мен оны өз балаларымнан да жақсы білдім»-дейді. Сол кезде таң қалған Умар: «Бұл қалай?»-деп сұрайды. Абдулла ибн Салам: «Мен өз балаларыма күмәндануым мүмкін, себебі әйелім мені алдауы мүмкін. Бірақ мен Алла  елшісінің соңғы Пайғамбар екеніне күмән келтірмеймін»-деген екен.

            Иә, иудей ғұламалары Алла елшісін жақсы білген. Білу мен сенім келтіру – екі бөлек дүние. Бірақ қызғаныш олардың Пайғамбарды мойындауына мүмкіндік бермеген. Себебі, Мұхаммед иудейлердің қатарынан емес еді. Мұны Абдулла ибн Саламның өзі жақсы дәлелдеп берген. Бірде ол Алла елшісіне келіп: «О, Алланың елшісі! Мені бір жерге жасырып, Мединедегі барлық иудей ғұламаларын шақыр. Олардың мен туралы және менің әкем туралы не ойлайтындарын сұра. Олар жақсы жауап айтады. Содан кейін мен шығамын да, Исламды қабылдағанымды жария етемін»-дейді. Алла елшісі бұл ұсынысты қабыл алып, Абдулланы жасырып қояды. Иудей ғұламаларын шақырып, олардан: «Абдулла ибн Салам мен оның әкесі жөнінде не ойлайсыңдар»-деп сұрайды. Олар: «Өзі де, әкесі де – ғұлама, біздің арамыздағы құрметтілер»-дейді. Сонда Алла елшісі: «Егер ол менің Пайғамбар екенімді растаса не айтасыңдар?»-дейді. Келгендер: «Ол мүмкін емес, ешқашан олай болмайды»-дейді. Осы кезде Абдулла ибан Салам шығып, кәлиманы айтып, Мұхаммедтің Пайғамбарлығын растайды. Сол кезде иудейлер сөздерін кері қайтарып алып: «Ол біздің арамыздағы ең нашар адам және ең нашар адамның ұлы»-дейді. Бұл оқиға иудейлердің Пайғамбарды жақсы білгендігін, қызғаныштан сенім келтірмегенін анық көрсетеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары