Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ﷺ) ЕҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІН ӨТКІЗГЕН ОРНЫ (ВИДЕО)
19 қыркүйек, 2016 жыл 460 Басып шығару нұсқасы

Хира тауы  – Меккедегі тарихи орындардың бірі. Әсіресе ондағы бір үңгірдің ислам тарихында өзіндік орны бар. Бұл үңгір Пайғамбарымыздың ()  ең қиын да жауапты сәтінде жанына жайлы мекен болды. Осы жерде барша адамзатқа ардақты болған Пайғамбарымызға () алғаш рет уахи келді. Қасиетті Құраннан сүре түсті. Сондықтан да бұл мекенді «Джабалюн-Нур», «Нұр тауы» деп те атайды. Таудың биіктігі – 634 м.

Үңгір Меккенің солтүстік-шығыс жағында, әл-Харам мешітінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан. Алла елшісіне пайғамбарлық берілмей тұрып та, 35 жастан асқанда уақытының көбін осы үңгірде өткізуді жаны сүйген. Ол мұнда Алла Тағаланың аса үстемдігі мен Жаратушы Ие алдында адамның дәрменсіздігі жайында ой тебірентетін болған.  Барша ғаламды нұрға бөлеген Алла елшісіне 40 жасында дәл осы үңгірде пайғамбарлық беріледі. Меккеге барған жұрт үңгірге бас сұқпай кетпейді. Бірақ бұл қажылықтың шарты емес, тек тарихи жағдайлар орын алған, тарихи мекен ретінде тамашалуға болады. Қасиетті мекеннің суретін мына жерден тамашалай аласыз    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары