Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағаланың бізді жақсы көретінін қалай білеміз?
13 қаңтар, 2016 жыл 60 Басып шығару нұсқасы

Адам баласы ата-анасына еркелеген ерке балаға ұқсайды. Ол махаббат пен қамқорлыққа зәру, бірақ кейде оның шегін көруден қалады...


* Егер Алла Тағала бізді жақсы көрмесе күні бүгін қолымызда бардың бәрін берер ме еді? Жарық дүниені көреміз, қалаған нәрсемізді естиміз, жүгіре, секіре аламыз. Оқуға, жұмыс істеуге, алға мақсат қойып жылжуға мүмкіндігіміз бар. Бізді үйлесімі жарасқан жарқын әлем қоршаған. Өкінішке қарай оны көздің қарашығындай сақтағанның орнына, аяусыздықпен бүлдіріп жатқан өзіміз. Бұның бәрі – Жаратушы Иенің шексіз сыйы емес пе?


* Егер Алла Тағала бізді жақсы көрмесе Өзіне дұға жасауды бұйырар ма еді? Өмірдің ең қиын сәттерінде, өзгеден көмек келмеген жағдайда адам Жаратушыға жүгінеді. Ал басына бұлт үйірілмеген күндері Иесін есіне де алмайды. Есіне алуға ерінеді. Сонда біз мұң-қайғымызды Онымен бөлісеміз, жәрдемін сұраймыз, тілегімізді беруін өтінеміз. Адамның өткізіп қойған ең еңбегі, орындап жатқан құлшылығы болмаса да, аса жомарт Алла Тағала сол сұрағанымызды береді. Кейде тіпті асыра береді. Ақысына ештеңе сұрамайды.


* Егер Ол өзі жаратқан пенделерін, яғни бізді жақсы көрмесе жүрегімізге иман нұрын құйып, тілімізді кәлимаға келтірер ме еді? Алла Тағала біздің өз-өзіне зиян келтірушілердің қатарынан болмауымыз үшін дұрыс жолды көрсеткен. Сол жолмен жүріп, бұйырғанын орындағанымыз үшін соңында Жұмақты уәде етті емес пе?


Ал Алла бізді жақсы көре ме, Алланың сүйікті құлымыз ба, Жаратқанның таңдаулы құлы болсақ бақ-дәулет берер еді ғой дейтін біз аракідік өзімізге «Біз Алла Тағаланы қаншалықты жақсы көреміз? Оған деген махаббатымызды қаншалықты дәлелдеп жүрміз?» деп сұрақ қоямыз ба? Жоқ, әрине... Сонда Алла біздің хақымызды орындамай жатыр ма? Әлде біз өзімізді асқан махаббатпен жаратқан жомарт Алла Тағаланың хақысын орындамай жүрміз бе деген заңды сұрақ туындайды...


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары